{metadescription}
Шығысқазақстандықтар: Елбасының өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту керек
Шығысқазақстандықтар: Елбасының өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту керек

Шығысқазақстандықтар: Елбасының өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту керек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы жаңа бастама көтерілуде. Бүгін Өскеменде өткен арнайы жиын барысында бір топ белсенді осындай үндеу тастады. Олардың арасында бірқатар танымал қоғам қайраткерлері де бар.

Жиынға еліміздің барлық аймақтарынан 850 адам жиналды. Оған қатардағы кәсіпкерден бастап, депутаттар мен беделді ел ағалары қатысты. Ынталы топтың жетекшісі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың айтуынша, Елбасының президенттік өкілеттілігін ұзарту туралы пікірлер бұрыннан бері айтылып келеді. Сондықтан ол бұл мәселені екі жыл күтпей-ақ, бүкілхалықтық референдум өткізу арқылы шешу керек деген үндеу тастады. Жиналғандар бастаманы бірауыздан қолдап, ұсыныс енді Орталық сайлау комиссиясына түспек. Бірақ референдум өткізу туралы соңғы шешімді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қабылдайды. Идея жетекшілері “Президент халық тілегіне құлақ салады” деген сенімде.

Бақытжан Ертаев, Ауған соғысының ардагері, “Халық ҚаҺарманы”:

- Бұл пікір бүгін пайда болған жоқ, бұрыннан бар. Сол себептен менің бүгінгі айтарым: сарбаздар, офицер, генералдардың атынан қолбасшымыз бізді ары қарай жақсылыққа жеткізе берсін деймін.

Дегенмен келесі жылы кезектет тыс Парламент сайлауы өтуі мүмкін. Мұндай болжамды Саяси шешімдер институты түрлі саладағы сарапшылардың тұжырымдарына сүйене жасап отыр.

Сондай-ақ келер жылы Ислам конференциясы ұйымына төраға болуымыз еліміздің халықаралық саяси сахнадағы беделін арттыруы тиіс. Нәтижесінде басқа да халықаралық беделді ұйымдардан ел беделі үшін ұтымды ұсыныстар келіп түсуі мүмкін. Ауыс-түйістер де көп болмақ. Сарапшылардың пайымдауынша, кадрлық өзгерістер Президент әкімшілігін де айналып өтпейді. Экономика жайын айтар болсақ, сарапшылар «көп өзгеріс бола қоймайды» деп отыр. Азық-түлік, доллар құны мен жанармай бағасы сол қалпынша қала бермек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде