{metadescription}
2010 жылда орын алған спорттағы елулі  оқиғалар!
2010 жылда орын алған спорттағы елулі  оқиғалар!

2010 жылда орын алған спорттағы елулі оқиғалар!

Биылғы жыл төрт жылда бір келетін қысқы Олимпиада ойындарынан басталды. Өкінішке қарай, 14 күн бойы тағатсыздана күткен жүлдені Қазақстанға Ресейден шақыртылған биатлоншы алып берді. 15 қашықтыққа жеке жарыста Елена Хрусталева күміс медальға қол жеткізді. Суперкөпкүндік веложарыс «Тур де Франста» топ жардық. Испандық Альберто Контадор жалпы есепте үздік атанып, «Астана» велокомандасы әлемдік рейтингте де көш бастады. Дегенмен жарысты аяқтай сала, команда ауыстыруға бел буған Контадор допинг дауына ілігіп, оның шешімі әлі күнге дейін шықпады. 2010 жылда орын алған спорт оқиғаларына қанық...

лыңыздар.

Бұл жылы спорттағы жас таланттарды паш еттік. Сингапурда өткен алғаш жастар олимпиадасынан еншімізде 2 алтын, 2 күміс және қос қола медаль. Топ жарған классик Жәнібек Қандыбаев пен ауыр атлет қызымыз Жазира Жаппарқұл. Дзюдошыларымыз тіпті ерледі. Мароккода өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында Елдос Сметов ақтық сында жапондық балуанды жығып, қазақ жастарынан тұңғыш чемпион атанды. Тағы екі өреніміз Ильяс Исмағұлов пен Наурызбек Майлашев күміс медальмен қанжығаларын майлады. Жалпы дзюдода биыл жағымды жаңалықтар жеткілікті. Күзде Алматыда Әлем кубогының кезеңі өтті. Ең мықты татами шеберлері бас қосқан жарыста Максим Раков пен Тимур Болат жеңімпаз атанды.

Әлем чемпионаттарындағы олжаларға тоқталсақ. Мәскеуде өткен күрес түрлерінен дүниежүзілік додада классиктер Алмат Кебіспаев пен Нұрмахан Тыналиев және еркін күрестен Әбдулхәкім Шапиев қола медальдан, ал әйелдер арасынан Елена Шалыгина күміс жүлде алып қайтты. Соның ішінде түйе балуанымыз Тыналиев Олимпиада чемпионы Хасан Бароевті өз жерінде жығып, айды аспанға бір-ақ шығарды.

Былтыр қоржынды медальға толтырып қайтқан ауыр атлеттерімізді биыл да зор үмітпен Анталияға әлем чемпионатына аттандырдық. Ерлер медальсіз қайтты, ал қыздардан Светлана Подобедова мен Майя Манеза әлем чемпионы деген атаққа екінші рет қол жеткізді. Ал жеңіл атлетикада Ольга Рыпакова - үш қарғып секіруден әлем чемпионы! Астанада ұлттық спортымыздың мерейі үстем етілді. Осымен үшінші рет төл өнеріміз қазақ күресінен әлем чемпионаты өтті. Өз елінде тұңғыш рет өткен қазақ күресі бәсекесіне 40 мемлекеттен 200 балуан қатысты. Тек екі салмақта ғана шетелдік спортшы үздік шығып, қалғандарында қазақ жігіттері әлем чемпиондарының қатарын толықтырды. Қазақ күресінің өкілдері тарқасқаны сол еді, бас қалаға әлемнің түкпір түкпірінен тоғызқұмалақшылар ағылды. Басты қарсыласымыз қырғыз елінің спортшылары болғанымен, барлық жүлдені жерлестеріміз иемденді.

Тенниске құйылған қаржының да мәуелі жемісін көрдік. Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Дэвис кубогының плей-офф кезеңіне өтті. Астанада Швейцариядан басым түскен отандық жасақ енді чехтермен кездеседі. Еліміздің бірінші ракеткасы Андрей Голубев алғаш рет Германияда АТР сериясындағы турнирде қарсылас шыдатпады. Кейін маусым қорытындысы бойынша «Жыл жаңалығы» номинациясына лайық деп танылды. Әйелдер арасынан еліміздің үздігі Ярослава Шведованың жұптық сында бағы жанып жүр. Америкалық Вания Кингпен тізе қосқан жерлесіміз Уимблдонда және US Open-да оза шықты. Жанкүйердің жырына айналған отандық футболда да жаңалықтар жоқ емес. Еуропа чемпионатының іріктеу сынына қатысып жатқан құрамамыз көрінгенге ұтылды, неміс Бернд Шторк бас команданы келімсектерге толтырды. Құшақ жая қарсы алған шетелдік маманды иығына шапан жауып еліне қайтардық. Ал, мини футболдан Алматыда өткен УЕФА кубогының элиталық раундында «Қайрат»жеңіске жетіп, енді алматылықтар «Төртеудің финалында» бағын сынамақ. Алматыға АИБА президенті Чинг Куо Ву бастаған әлемдік бокс өкілдері келіп, өткізілген конгресс барысында белгілі қазақ боксшысы Серік Қонақбаев бокс ұйымының атқару комитетіне мүше атанды. Оған қоса дәл осы кезде жаңа жоба - әлемдік бокс сериясының тұсауы да кесілді. Жылдың басты додасы Гуанчжоуда өткен Азия Ойындары болды. Осыған дейін төртінші орыннан төмен түсіп көрмеген Қазақстан құрамасы бұл жолы бесінші сатыға әупірімдеп жүріп әрең көтерілді. Қоржынымызда 18 алтын, 23 күміс және 38 қола медаль.

Жылдың тамаша түйінін гандболшылар жасады. Азиадада сәтсіз өнер көрсеткенімен, өз еліндегі құрлық чемпионатында қазақтың қол добы шеберлері Азия мықтыларын артта қалдырды.

Өткен жыл осындай елеулі оқиғалармен есте қалды. Ал есік аттағалы тұрған жаңа жылдағы ең басты дода – Алматы мен Астана қалаларында өтетін қысқы Азиада болмақ. Оның басталуына да бар болғаны бір ай қалыпты. Алдағы жыл да спорттағы үлкен жетістіктерге толы болсын!

Мұхиттың арғы жағында ұлттық хоккей лигасының ойындары жалғасуда. Кезекті турда «Нью-Джерси Дэвилз» өз айдынында «Нью-Йорк Рейнджерске» есе жіберді.

Айдын иелері шабуылды алғаш боп бастағанымен, қарысыластар бұл күні үлкен дайындықпен келгені бірден білінді. Есепті «Дэвилс» ашса да, кейін «Рейнджерс» жауапсыз үш шайба соқты. Есеп - 1:3 Нью-Йорк хоккейшілерінің жеңісі. Ал Нью Йорктің «Айлендерсі» бұл жолы «Питтсбург Пингвинстен» айласын асырды. Негізгі уакытта жеңімпазды анықтай алмаған командалар буллит соғуға мәжбүр болды. Есеп - 2:1.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде