{metadescription}
Қырғызстан: ІІБ ғимаратын жарып жібермек болғандар қолға түсті
Қырғызстан: ІІБ ғимаратын жарып жібермек болғандар қолға түсті

Қырғызстан: ІІБ ғимаратын жарып жібермек болғандар қолға түсті

Қырғызстанда сәуірдегі оқиғаға қатысты сот процесі өтіп жатқан Спорт сарайы мен Бішкек қалалық ІІБ ғимаратын жарып жібермек болғандар қолға түсті. Елдің Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан ақпаратқа қарағанда, 9 адам қазір тергеу алдында жауап беруде. Тағы бесеуіне халықаралық іздеу жарияланған. Барлығы экстремистік топтардың мүшелері көрінеді.

Бішкектегі лаңкестік әрекет осыдан бір ай бұрын орын алған. Қастандық салдарынан төрт адам жараланды. Ал бір апта бұрын қаскөйлер қалалық ІІБ-сын жаруға әрекеттенген болатын. Қырғыз Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер ұсталғандардың «ресейлік діни экстремистік ұйымдарға қатысы бар» деп отыр. Сондай-ақ “лаңкестер Қазақстан аумағында дайындықтан өтіпті” деген ақпарат та тексерілуде. Арнайы операция барысында күдіктілердің пәтерлерінен қарау-жарақ, жарылғыш заттарды жасауға арналған құралдар мен діни кітаптар табылған. Қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, олар Қырғызстан аумағында 30-дан астам жарылыс ұйымдастырмақ болыпты. Тәртіп сақшылары олардың 14-інің жолын кескен.

Кенешбек Дүйшебаев, Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы:

- Лаңкестер сырттан келген. Нақты айғақтарымыз бар. Ұсталғандар да бәрін мойындап отыр. Қалай дайындықтан өткенін, қалай келгенін және басқа да құнды мәліметтерді айтып жатыр. Қолға түскендер лаңкестік топтардың бір тармағы ғана екен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.