{metadescription}
Алматы: Азиада нысандарын салған құрылысшылар жалақысыз жүр
Алматы: Азиада нысандарын салған құрылысшылар жалақысыз жүр

Алматы: Азиада нысандарын салған құрылысшылар жалақысыз жүр

Алматыдағы Азиада нысандарын салған құрылысшылар Жаңа жылды жалақысыз қарсы алуы мүмкін. Екі айдан бері маңдай терін төккен еңбегінің ақысын ала алмай жүрген 60 адам бүгін өздері істеген фирманың кеңсесі алдында наразылықтарын білдірді. Көбі жан-жақтан келгендер. Ақшасыз ауылдарына қайта алмағандар кешеден бері кеңседе түнеуде. Басшылық болса, әдеттегідей уәде берумен шектелуде.

Айлығын ала алмай жүргендер саны 60-қа жуықтайды. Көктемнен бері Азия ойындары өтетін нысандарды салған жұмысшылар соңғы екі айда ақша көрмеген. Күнде «ертең» деген уәдеден шаршаған олар кешеден бері құрылыс компаниясының кеңсесінде түнеп жатыр.

Сәкен Қабдуәлиев, жұмысшы:

- Ақшамызды төлемесе, ешқайда кетпейміз, осы жерде жатамыз, аяғына дейін. Басқа баратын да жеріміз жоқ. Қайда кетеміз?! Таныс та жоқ. Жан-жақтан келген адамдармыз ғой. Пәтер жалдайық десек, оған да ақша жоқ, тамаққа да ақша жоқ.

Жиналғандардың көбі еліміздің әр аймағынан келгендер. «Үйге қайтатын ақша таппаған соң, осындай қадамға барып отырмыз» - дейді олар.

Құдайберген Мұхтар, жұмысшы:

- Қайда сонда?! Түсінбедік біз, қайда кетті ақша?! Мәселен, менің алты балам бар: үш қыз үш ұл. Үйге қайтіп барам, екі ай істеп, бір тиынсыз?!

Жұмысшыларды жалдаған “Дакар ЛТД” компаниясы директорының міндетін атқарушы Сәт Берниязовтың айтуынша, бар кінә тапсырыш беруші “Шымбұлақ Девелопмент” ЖШС-де көрінеді. Олар атқарылған жұмыс үшін беруі керек қаржыны әлі аудармаған.

Сәт Берниязов, “Дакар ЛТД” ЖШС директорының міндетін атқарушы:

- Бар мүмкіндіктерді олар да қолданып жатыр. Менің білетін мәліметім бойынша, ақшаны аударатын банкте техникалық проблемалар. Осы күннің аяғына дейін ақша тауып, сырттан келгендерге тым болмаса, жолға билет сатып алуға ақша таратамыз.

Жұмысшылардың жанайқайына прокурорлар мен полицейлер араласты. Құзырлы орган өкілдері мән-жәйді анықтап, көптің құқығын қорғайтындықтарын айтады.

Әзірге компания басшылығы жұмысшылардың «жол-пұлын ғана тауып береміз» деген. Алайда мереке қарсаңында отбасыларына құрқол барғылары келмеген олар: «жалақыны толықтай алмайынша, кетпейміз» деп отыр. Жаңа жылды да Алматыда қарсы алмақ.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.