{metadescription}
Астана: орталық базар қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты
Астана: орталық базар қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты

Астана: орталық базар қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты

Бүгін астаналық орталық базар қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты. Оған базар әкімшілігінің жаңа шешімі түрткі болған. Сауда орнының басшылығы базардағы контейнерлердің үстіне жаппай екіншісін қоя бастаған.

Әкімшіліктің бір жақты қабылдаған шешіміне қарсы базар қызметкерлері жұмыстарын тастап, қарсылық шараларын ұйымдастырды. Олар әрбір қойылған контейнер үшін 300 мың теңгеге жуық қосымша ақша төлеуге міндеттелеміз деп алаңдайды. Базар басшылығы оларды осыншама қаржыға сатып алып жатқан көрінеді. Оның үстіне базар қызметкерлерінің көбі мұнда көтерме емес, жеке саудамен айналысатындықтарын айтады. Сондықтан олар «бізге қосымша тауар сақтайтын орындардың қажеті жоқ» дейді. Аталмыш мәселе бойынша базар әкімшілігі қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Бірақ базар бастығының орынбасары Мұхит Арысбаев «барлық контейнерлерді өз ақшаларына тегін қойып береміз» деп отыр. Бұған қарапайым саудагерлер сенбейді.

Елеусіз Дамирова базар қызметкері:

- Бірінші қабаттағы контейнерді толтыратын тауарым жоқ. Сонда мен айналдырған бес көйлекті екінші қабатқа шығарып қоям ба?! Қажеті қанша?! Жарыққа айына 5мың 200 теңге төлейміз, ол қайдан алынған тариф екенін білмейміз. Осыған дейін айтқандарын істеп келдік. Енді екі қабатты зорлап қойдырып жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде