{metadescription}
Мектептегі хиджаб мәселесіне қатысты дауға дінтанушылар араласты
Мектептегі хиджаб мәселесіне қатысты дауға дінтанушылар араласты

Мектептегі хиджаб мәселесіне қатысты дауға дінтанушылар араласты

Хиджабтан шыққан дау. Шымкентте екі оқушыны ата-анасы үш күннен бері мектепке жібермей отыр. Қаладағы №19 мектептің 6 және 2-сынып оқушыларына білім ұясының басшылығы дәріске хиджабпен келуге тыйым салған. Ал ата-ана перзенттерінің мектепке бас киімсіз баруына қарсы. Діни ұстаным мен қоғамдық тәртіп арасындағы қарама-қайшылық жөнінде Бекжігіт Мәуленов.

11 жастағы Аруна мен оның 8 жасар сіңлісі Сәбинаның сабақтан қол үзіп қалғанына үш күн болды. Бұл жағдайға олардың отбасы мен мектеп әкімшілігі арасындағы қарама-қайшылық себеп болып отыр. Мұсылмандық жолды ұстанатын қос бүлдіршіннің әке-шешесі перзенттерінің хиджабсыз мектепке барғанын қаламайды.

Саят Ыбыраев, әкесі:

- Директор екі-үш күн ойланып көрейін деп еді, шеше алмай отыр.

Ал білім ұясының басшылығы “мектепте оқушылар бірыңғай үлгідегі киіммен жүруі тиіс” деген бұйрықты алға тартады. Дегенмен ұстаздар қос шәкіртінің мектепте қарапайым орамал тартып жүргеніне қарсы емес.

Күләш Өмірәлина, Ө.Жәнібеков атындағы №19 мектеп директорының тәрибие ісі жөніндегі орынбасары:

- Негізі, жоғарыдан келген бұйрықтар бар: “хиджаб киюге болмайды” деген. Өздеріңіз білесіздер, біздің қазақ - қазақ болғалы бері ешуақытта хиджаб киген емес, орамал тартқан.

Мектептегі дау “хиджаб” сөзінің мағынасына дөп келіп тұр. Өйткені “хиджаб” арапша “адамдар арасындағы түсініспеушілік пердесі” деген ұғымды білдіреді екен. Оқушылардың мектепте діни ұстанымын білдіретін киім киюін дінтанушылар да құп көріп отырған жоқ. Олардың айтуынша, ата-анасы дінді толық түсінбегендіктен балалар осындай қадамға барып отыр.

Абдулла Бахадүр, дінтанушы:

- Алла, субхана тағала сенің сыртқы түріңе, сақалыңа да, балағыңа да, хиджабыңа да қарамайды. Сенің имани жүрегіңе қарайды. Сондықтан біз жүрегімізбен бекітуіміз керек. Шынайы Ислам - осы! Орамал тартқанға ешкім қарсы болмайды. Орамал тартсын. Дұрыс. Ұятты жерін жапсын. «Кіндігіңді аш» деп ешкім айтып жатқан жоқ. Бұл жерде ұлттық намыс қозғалып тұр. Араптанудың қажеті жоқ. Күйеуге шықпаған қыз қазақта ақ орамал тартқан емес.

Қасиетті құранда мұсылманның елдің ішкі тәртібіне бағынуы тиіс екені де айтылған. Ал еліміз зайырлы да, құқықтық мемлекет. Хиджаб төңірегіндегі даудың себебін анықтауға барғанымызда үш күн ойлануға мұрсат сұраған мектеп директоры телефон арқылы ұстаздарға өз шешімін жеткізді: Аруна мен Сәбинаға мектепке хиджабпен емес, орамалмен келуіне рұқсат етіпті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.