{metadescription}
ОҚО: жасөспірім отшашудан жарақат алып, жанарынан айрылды!
ОҚО: жасөспірім отшашудан жарақат алып, жанарынан айрылды!

ОҚО: жасөспірім отшашудан жарақат алып, жанарынан айрылды!

Оңтүстік Қазақстан облысында отшашумен ойнаған 12 жасар бала ауыр жарақат алды. Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында тұратын жеткіншек отшашуды сыныптастарымен бірге көшедегі дүкендердің бірінен сатып алған. Кездейсоқ жарылған отшашудың жалыны баланың бетіне тиген.

Есінен танып қалған Шерхан Хасанов ауруханаға жеткізілген кезде, оның көзінің күйіп қалғаны белгілі болды. Жасөспірім жанарынан айырылды. Қазір дәрігерлер оның екінші көзін аман алып қалуға тырысуда. Бұл соңғы уақытта күнгейде орын алған бірінші оқиға емес. Кеше ғана Сайрам ауданында 2-сынып оқушысы отшашумен ойнаймын деп жарақат алды. Ал Шерханның әкесі «оқушыларға мұндай зат сатқан адам жауапқа тартылу тиіс» дейді.

Қаһар Хасанов, зардап шеккен баланың әкесі:

- Көрші мемлекетте 10 жылдан 16 жылға дейін қаулы шығарып қойған! Бізде әкімдер, әкімнің көмекшілері отшашуды тексерумен жүр, онымен болмайды ғой. Қатаң қаулы шығару керек!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде