{metadescription}
Ғалымдар медицинада қолдануға болатын жасанды тері ойлап тапты
Ғалымдар медицинада қолдануға болатын жасанды тері ойлап тапты

Ғалымдар медицинада қолдануға болатын жасанды тері ойлап тапты

Қазақ ғылымың жаңа жетістігі! Ғалымдар медицинада қолдануға болатын жасанды тері ойлап тапты. Бұл әзірге алғашқы сынақтардың нәтижесі ғана. Барлығы ойдағыдай іске асатын болса, денесі күйген немесе басқа да тері жарақаттарын алған науқастар үшін биотерінің көмегі көп болмақ. Жарақаттарды жасанды терімен емдеу әдісі негізінен әлемнің дамыған бірнеше елдерінде қолданыста бар. Еліміздің ғалымдары енді сол жетістіктерге өз күштерімен жетуге талпынып жатыр. Осыған байланысты қазір Ұлттық биотехнология орталығының жұмысы да қарқынды.

Әдетте денесі қатты күйгендердің терісін қалпына келтіру ұзақ уақытқа созылады. Оның үстіне жарақатты таңатын медициналық жабдықтарды жиі ауыстыру қажет. Емдеу процесінің ұзаққа созылатындығы да сондықтан. Ал жасанды тері арқылы осы қиындықтардан арылуға болады. Ғалымдар ең әуелі егеуқұйрықтарға тәжірибе жүргізген.

Қасым Мұқанов, ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығы бас директорының орынбасары:

- Өткізген зерттеу нәтижелері өте жақсы болды. Қазіргі күнде біз бірнеше клетканың жасанды штамдарын алып, клиникалық сынақтан жақсы өтсе, әрі қарай медициналық тәжірибеде тиімді препаратты ұсынуға болады.

Алғашқы тәжірибені сәтті өткізген орталық мамандары енді клиникалық сынаққа дайындалып жатыр. Яғни бұл жолы сынақ адамның өзіне де жүргізілуі мүмкін. Ол үшін ерікті донордан немесе науқастың өзінен тері жасушалары алынады. Сосын оны арнайы зертханада қажетінше үлкейтіп, күйік шалған жерге немесе басқа да жарақаттың үстіне жабыстырады. Бұл ең әуелі зақымданған терінің қалпына келуіне жылдам көмектеседі және астыңғы жараның беті қайтқаннан кейін оншақты күннің ішінде жасанды тері өздігінен түсіп қалады.

Ерлан Раманқұлов, ҚР БҒМ Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры:

- Біз дені сау ересек адамдардың тері жасушаларымен жұмыс істейміз. Сол қарапайым жасушаларды керегінше түрлендіріп, қажетімізге жарататын боламыз.

Жасанды теріні науқас адамдарға нақты қашан пайдалануға болады? Ол үшін ғалымдар «екі жылдай уақыт керек» деп отыр. Осындай ғылыми жұмысты тоқтатпай жүргізу үшін биылға қажетті ақша жеткілікті. Ал ең негізгі жұмыс пен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкестендіру үшін «келесі жылы қыруар қаржы керек» дейді ғалымдар.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде