{metadescription}
Қызылорда: көлік ұрлап, таксишіні өлтірмек болғандар қолға түсті
Қызылорда: көлік ұрлап, таксишіні өлтірмек болғандар қолға түсті

Қызылорда: көлік ұрлап, таксишіні өлтірмек болғандар қолға түсті

Қызылордада көлік ұрламақ болған екі азамат қолға түсті. Олар қылмыстарын соңына дейін жеткізіп, куәгер қалдырмау үшін такси жүргізушісін өлтірмек болған. Алайда арам ойлары жүзеге аспаған жас жігіттер қашып құтылмады. Қазір олар қаладағы уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Көлікті қымқырамыз деп қылмысқа барған екеудің әрекеті ел құлағын елең еткізді. Қаннен-қаперсіз шайлығын айырып жүрген такси жүргізушісіне тіс батырған қос қылмыскер Жамбыл облысы Қордай ауданынан келіпті. «Оңай олжа» деп қызылордалық такси жүргізушісін таңдап алған екеу іңірде көлік тоқтатып, Сырдария өзенінің жағасына жеткізіп салуды сұраған. Таксиге жайғасқан олар қаладан шыға бере жүргізушінің көкжелкесіне пышақ салған. Алайда жәбірленуші жарақатына қарамай қаша жөнеліпті.

Әуезхан Құрмантаев, жан сақтау бөлімінің меңгерушісі:

- Түскендегі диагнозы - пышақ алу жарақаты. Түскен кездегі жағдайы өте ауыр болды, есі кіресілі-шығасылы. Науқас бірден операция бөліміне жеткізіліп, операция жасалды.

Операция екі сағатқа созылған. 1982 жылы туған азаматтың ққазір беті бері қарады. Суық хабарды естіген жедел топ оқиға орнына дереу жеткен. Былыққа белшесінен батқанын білген қос қылмыскер көлікті тастай қашқан. Алайда асхана пышағы мен қан дақтары иісшіл итті жолынан адастырмады. Суық қарумен жасалған қылмыстың ізі суымай ашылды.

Виктор Властенко, ОІІД-нің кинологы:

- Оқиға орнына жедел түрде қызметтік итіммен шықтым. Содан соң итімді қоя бердім, иіс алып, дереу оң жаққа қарай бет алды. Көп ұзамай екі күдіктінің үстінен түстік.

Алдын ала жүргізілген тексеру амалдары қылмыскерлердің бұл іске әбден дайындалғанын аңғартады. Олар жүргізушіні өлтіріп, дарияға ағызып жіберуді жоспарлаған.

Қазір күдіктілер уақытша ұстау абақтысына тоғытылды. Қарақшылардың басқа да сыбайластары бар-жоғы тергеу барысында анықталмақ. Жалпы, елімізде такси жүргізушісіне шабуыл жасау фактілері жиілеп кеткен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде