{metadescription}
Жапонияда тағы да жанартау атқылай бастады
Жапонияда тағы да жанартау атқылай бастады

Жапонияда тағы да жанартау атқылай бастады

Жапонияда тағы да жанартау атқылай бастады. Елдің Кюсю аралында өткен аптадан бері Симоэ жанартауының белсенділігі артып, тұрғындарға қауіпті жағдайлар туындаған еді. Ал бүгін аяқ асты қара күл көкке шапшып, оның биіктігі екі шақырымға жеткен.

Жапонияның оңтүстігіндегі аралда орналасқан жанартау жиі-жиі тіркеліп жатқан жерасты дүмпулерінің салдарынан оянған көрінеді. Жуырда аймақты мекендейтін мыңнан аса тұрғынға лава атқылау қаупіне байланысты қауіпсіз жерлерге кету туралы ескерту жасалған. Бұған қоса жергілікті билік жанартаудан күл шашырағандықтан Миядзаки қаласындағы әуежайды жауып, темір жол қозғалысын тоқтатуға мәжбүр болды. Әзірге ауыл шаруашылығының жеті мың гектар алқабына орасан зор шығын келтірілгені хабарлануда.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.