{metadescription}
Зейнеткер тастардың бір жарым мыңнан астам түрінен коллекция жинапты
Зейнеткер тастардың бір жарым мыңнан астам түрінен коллекция жинапты

Зейнеткер тастардың бір жарым мыңнан астам түрінен коллекция жинапты

Петропавлда тастар көрмесі ашылды. Жұрт назарына ұсынылған ерекше жәдігер иесі қызылжарлық қарапайым зейнеткер. Қарттың коллекциясында тастардың бір жарым мыңнан астам түрі бар.

Владимир Ягодкин кезінде геолог болып қызмет істеген. Пайдалы қазба іздеп талай жерді шарлаған оның жас кездегі тас жинайтын әдеті әлі қалмапты. Коллекциясындағы дүниелердің дені Орал, Қиыр Шығыс пен Байкал өңірлерінен әкелінген. Арасында еліміздің таулы аймақтарында терілгендері де көп. Қарт коллекционер: «Әрбір тастың өз ерекшелігі, өзіне тән тылсым қасиеті болады» - дейді. Зейнеткер көрмеге қойылған жәдігерлері үшін еш алаңдамайды. Өйткені коллекция арасында гауһар, жақұт сынды асыл тастар жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде