{metadescription}
Такси жүргізушісі қарақшылардың құрбаны бола жаздады
Такси жүргізушісі қарақшылардың құрбаны бола жаздады

Такси жүргізушісі қарақшылардың құрбаны бола жаздады

Қарағандыда такси жүргізушісі қарақшылардың шабуылына тап болып, өлімнен қалды. Көлігін тартып алған екі жолаушысы оны қала сыртына апарып өлтірмекші болған. Бірақ сыбайластарға бой бермеген жүргізуші көліктен секіріп шығып аман қалды. Айта кетсек, аталмыш қылмыстық деректер соңғы уақытта жиілеп барады. Осыдан екі апта бұрын ғана Қызылорда мен Петропавл қалаларында қаскөйлер такси жүргізушілеріне шабуыл жасаған болатын.

10 жылдан бері жолаушы тасып күнелтіп отырған 42 жастағы Жаңабай Ахтаев «мұндай жағдайға алғаш рет душар болдым» дейді. 19-20 жастағы екі жігіт тапа-тал түсте оның көлігін тоқтатып, қала сыртына жеткізіп салуды сұрапты. Бірақ ойламаған жерден орта жолда бас салған.

Жаңабай Ахтаев, такси жүргізушісі:

- Машинаның ішінде пышақ салды, артында отырған адам. Алдында отырғаны қолымды қайырды. Содан арпалысып сыртқа шықтым да, ауруханаға қарай қаштым.

Қарақшылардың қолынан мерт бола жаздаған такси жүргізушісі қазір ауруханада жатыр. Кеудесіне кірген пышақ оның өкпесін 12 см-ге дейін тесіп жіберіпті. Ал оның «Мерседесін» иемденген ұрылар кейін көлікті көшеге тастап, іздерін суытқан.

Қазір полиция аталмыш іс бойынша қылмыстық іс қозғады. Әзірге күдіктілер қолға түскен жоқ. Жалпы, былтыр облыста такси жүргізушілеріне төрт рет қарулы шабуыл жасалған. Оның үшеуі ажал аузынан аман қалса, бір жүргізушіні қарақшылар қала сыртына апарып, атып өлтірген.

Ал биылғы бір айдың ішінде ғана елімізде аталмыш қылмыстық деректер жиілеп кетті. Таяуда ғана Петропавлде түрмеден шыққан екі азамат такси жүргізушісін қала сыртына апарып өлтірмекші болды. Бірақ сыбайластарға бой бермеген Әділхан Мөттев көліктен секіріп шығып, 30 градус аязда үш сағат бойы қарлы даламен қалаға жеткен.

Ал Қызылордада көлікті қолды қылмақ болған Жамбыл облысының екі тұрғыны такси жүргізушісін өлтіріп, оны Сырдария өзеніне ағызып жібермекші болған.

Тәртіп сақшылары мұндай тосын оқиғалардың жиілеп кетуіне такси жүргізушілерінің «бейқамдығы да себеп» дейді. Өйткені жолаушы тасымалымен айналысатын көлік иелерінің басым көпшілігі қарапайым байланыс құралдарымен де қамтамасыз етілмеген. Оның үстіне беймезгіл уақытта жиі жолға шығады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде