{metadescription}
Цирк пен 4 жасар баланың арасындағы алғашқы сот отырысы өтті
Цирк пен 4 жасар баланың арасындағы алғашқы сот отырысы өтті

Цирк пен 4 жасар баланың арасындағы алғашқы сот отырысы өтті

«Цирк баламның көңілін қалдырды». Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркіндегі жаңажылдық қойылымда уәде етілген арыстан мен барысты көрмеген 4 жасар Женя жылағанда, анасы осылайша шу көтерген. Артынша бұрын болмаған сот ісі басталды. Бүгін аты дардай цирк пен 4 жасар баланың арасындағы алғашқы сот отырысы өтті.

Естеріңізге салсақ, 30 желтоқсан күні жаңажылдық Азиаданы тамашалауға келген Женя Головин жарнамада жазылған аңдарды тамашалай алмай, анасына әлек салған. Қапалы баласының көңілін қимаған ана, цирктен моральдық шығын ретінде 900 мың теңге талап еткен еді. Бүгін осы соттың алғашқы отырысы өтті. Айыпталушы тарап қойылымға бір күн қалғанда арыстан мен барыстың ауырып қалғанын айтып ақталды. Алайда ауырған жануарлардың қойылымға қатыспайтынын цирк әкімшілігі көрерменге ескертпеген. Жәбірленуші тараптың адвокаты есікке ілінген жалпылама ескертпенің ешқандай мөрмен расталмағанын және тек орыс тілінде жазылғанын да «заңға қайшы» дейді.

Денис Әлімбеков, Женя Головиннің адвокаты:

- Заңда анық жазылған, егер жоспарланған қойылымдар болмайтын болса, немесе өзгеріс енсе, көрерменге ескертілуі қажет. Бұл жолы цирк әкімшілігі жауапсыздық танытқан. Тіптен бұлардың ғаламторда сайттары да жоқ. Дардай мемлекеттік цирк көрерменді бұлайша алдауды қою керек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде