{metadescription}
Төлқұжат пен жеке куәлікті жедел дайындауға қайта мүмкіндік туды
Төлқұжат пен жеке куәлікті жедел дайындауға қайта мүмкіндік туды

Төлқұжат пен жеке куәлікті жедел дайындауға қайта мүмкіндік туды

Төлқұжат пен жеке куәлікті жедел дайындауға қайта мүмкіндік туды. Естеріңізге сала кетсек, құжаттарды шұғыл әзірлеу ісі өткен жылдың тамыз айында тоқтатылған болатын.

Жаңа үлгідегі электрондық құжаттарды алуға және жеке сәйкестендіру нөмірлерін ендіру үшін ниет білдірген азаматтардың саны әдеттегісінен бірнеше есеге артып кетіп, оның бәріне үлгіру мүмкін болмаған. Сол себепті құжаттарды жедел дайындау жұмысы уақытша тоқтатылған. Бұл қызмет қазір де ақылы негізде қайта жүретін болды. Жеті күн ішінде дайындауға 1989 теңге төлейсіз, 10 күн үшін 904 теңге, ал 15 күн үшін төленетін ақы көлемі 563 теңге. Осылайша Әділет министрлігінің өкілдері азаматтардың ендігі сұранысын уақтылы орындау үшін «сақадай-саймыз» деп мәлімдеді.

Ерболат Ерімбет, ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі:

- Құжаттарды уақытында жасау үшін Әділет министрлігі қосымша жабдық алды. Бұл өз кезегінде өндірістік қуатты бір жарым есеге көбейтуге себеп болды. Мәселен, бұрын өндіруші зауыт күніне 10 мыңға жуық құжат дайындаса, енді зауыт 16 мыңға дейін төлқұжат пен жеке куәлік дайындай алады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.