{metadescription}
Қаршадай қызды зорлаған азаматтарға қатысты сот үкімі шықты
Қаршадай қызды зорлаған азаматтарға қатысты сот үкімі шықты

Қаршадай қызды зорлаған азаматтарға қатысты сот үкімі шықты

Бүгін Шымкентте жеті жасар қызды зорлаған азаматтарға қатысты сот үкімі шығарылды. Айуандық әрекет жасаған Эльман Велиев 25 жылға, Максим Стасенко 20 жылға бас бостандығынан айрылды. Екеуі де жазаларын қатаң тәртіптегі түрмеде өтемек.

Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында тағы бір сот ісі аяқталды. Айыпталушылар орнында - бүтін бір отбасы. Олар жарты жыл бұрын бір сәуегейдің айтқанына сеніп, қыздарының із-түзсіз жоғалып кеткеніне көршісін айыптап, оны азапқа салған болатын. 19 жастағы бойжеткен сол үйдің жертөлесінде қамауда отырған жерінен әрең қашып құтылған. Көп ұзамай олардың хабарсыз кеткен қыздары да табылды. Ол Астанадағы жігітіне қыдырып барыпты. Қызының қашып кеткені үшін жазықсыз адамды кінәлап, қорлаған отағасы 8 жылға, ал оның інісі 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Бұларға көмек берген екі жүргізуші жарты жылға түрмеге тоғытылды. Осы отбасындағы үш әйелге шартты түрдегі жаза кесілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде