{metadescription}
Жаңа Зеландияда қаралы күн жарияланды
Жаңа Зеландияда қаралы күн жарияланды

Жаңа Зеландияда қаралы күн жарияланды

Бүгін Жаңа Зеландияда қаралы күн жарияланды. Ондағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны әлі өсіп жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, зілзаладан 75 адам опат болса, тағы 300-ге жуығы үйінділер астында қалуы мүмкін.

Табиғат апаты елдегі екінші ірі қала - Крайстчерчтегі ғимараттардың 80 пайызын қиратқан. Құтқару жұмыстары үзіліссіз жүріп жатыр, қирандылар арасынан адамдар әлі де шығарылуда. Ауруханалардың барлығы лық толы. Сол себепті дәрігерлер жарақаттанғандарға оқиға орнында көмек көрсетуге мәжбүр. Көптеген аудандар электр жарығынан үзіліп, ауыз судан тапшылық көріп отыр. Осыған байланысты тұрғындарды апат аумағынан көшіру жалғасуда. Сондай-ақ, қалада аяқ астынан опырылып түсуі мүмкін ескі ғимараттар көп екен. Ал жергілікті сейсмологтар аймақта тағы да жер сілкінуі мүмкін деген болжам жасады. Жалпы, қалада кешеден бері 11 рет дүмпу байқалған. Оның ең күштісі 6,3 баллға жетті.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.