{metadescription}
Өскеменде педофил тағы да бой көрсетті
Өскеменде педофил тағы да бой көрсетті

Өскеменде педофил тағы да бой көрсетті

Өскеменде кәмелет жасына толмаған балаларды жыныстық қатынасқа итермелейтін қылмыскер тағы да бой көрсетті. Тәртіп сақшылары ата-аналарға балаларын далаға жалғыз жібермеуді ескертіп, аса сақ болуға шақыруда.

Қаскөй осыдан бірнеше күн бұрын қаладағы Михаэлис көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінде 6 жасар қыз балаға тап берген. Алайда үйге кіріп келе жатқан басқа тұрғындарды байқап, ізін жасырған. Жәбір көрген баланың сипаттауы бойынша, оның фотороботы құрастырылды. Күдікті Еуропа нәсілді, 30-35 жас шамасындағы ер адам. “Бірақ бұл нақты кескіні емес, өйткені бүлдіршін оның түрін айқын көріп үлгермеді”- дейді тәртіп сақшылары. Айта кетсек, қалада аталмыш оқиға алғаш тіркеліп тұрған жоқ. Соңғы 3 жыл ішінде балаларды жыныстық қатынасқа итермелеуге байланысты 11 дерек анықталған. Әзірге күдіктілердің ешқайсысы қолға түскен жоқ. Полиция қызметкерлері мұның барлығы бір адамның қолынан жасалуы мүмкіндігін де жасырмайды. Қазір облыстық ІІД күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Тіпті тіркеуде тұрған жүйке жүйесі ауруына шалдыққан сырқаттар да тексерілуде.

Дулат Нұрсолтанов, ШҚО ІІД бастығының баспасөз хатшысы:

- Ата-аналар балаларын қадағалап отырса, мектепке барғанын, қайтқанын. Сипаттауымыз бойынша, ол адам үнемі қара киіммен жүреді екен. Басында тоқылған бас киім, үстінде қара куртка, қара шалбар және капюшоны бар.  Сондықтан бетін дұрыстап қарап, есте сақтап қалу қиын дейді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.