{metadescription}
Алматыда жас келіншек екі баласын атып, артынан өз-өзіне қол салды
Алматыда жас келіншек екі баласын атып, артынан өз-өзіне қол салды

Алматыда жас келіншек екі баласын атып, артынан өз-өзіне қол салды

Қызғаныштан кейінгі қырғын! Сұмдық оқиға Алматы маңында орын алған. Саяжайлардың бірінде тұратын әйел күйеуінің қылығына шыдамай 2 бірдей баласын ұйықтап жатқан жерінен атып тастап, артынан өз-өзіне қол салған. Өлімге бел бумас бұрын  марқұм туыстарына тілімдей қоштасу хатын жазып қалдырыпты. Онда келіншек күйеуінің көзіне шөп салғанына шыдай алмағанын жеткізген.

Қанды оқиға Алатаудың іргесіне қоныс тепкен мына кішкентай үйде орын алды. Марқұм барлық әрекетіне тыңғылықты дайындалған. Алдымен құрсағын жарып шыққан 5 және 15 жастағы қос баласын ұйықтатқан, артынан аңшы мылтығымен атып тастаған. Сосын өз-өзіне қол салыпты. Қабырғасы бір-біріне тиіп, қатар орналасқан көршілері бұл жағдайды естігелі бері есін жия алмай жүр.  

Евгений – көршісі:

- Серік көлікпен әуестенетін. Жұбайы үй шаруасында болды. Мен оларды өте тәртіпті жанұя ретінде ғана білем. Мұндай жағдайға не итермелегенін түсіне алмадым. 

Балалары мен өзін өлімге қиған әйел артына қоштасу хатын қалдырған. Онда басқа әйелмен көңіл көтерген күйеуінің қылығын көтере алмағанын ашық жазыпты. Бұл жағдайды полиция қызметі де растап отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Оны өзінің өлімге бел буар алдында жазған хатында да айтты. Хатына сүйенетін болсақ, мұндай әрекетке семьялық жағдайдан кейін бел будым деп түсіндірген.

Қанды оқиғаға себепкер аңшы мылтығы отағасына тиесілі екен. Құқық қорғау органы оны қаруды қауіпсіз жерге қоймағаны үшін ғана жауапқа тартпақ. Осылайша бүтіндей бір жанұядан бүгінде жалғыз отағасы ғана қалды. Бар жақынын жер қойнына тапсырған жанды үйінен кездестіре алмадық. Сондықтан қазір бос тұрған баспананың әр жерінде балалардың ойыншығы мен аяқ киімдері шашылып жатыр. Тек мұнда бірнеше күннен бері иесін таппай жүрген иті ғана қалыпты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде