{metadescription}
ОҚО-да қос бірдей лауазымды шенеунік парамен ұсталды
ОҚО-да қос бірдей лауазымды шенеунік парамен ұсталды

ОҚО-да қос бірдей лауазымды шенеунік парамен ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысында қос бірдей лауазымды шенеунік парамен ұсталды. Олар – Созақ ауданы әкімінің орынбасары Болат Айдарбеков пен сол аудандағы Қыземшек ауылының әкімі Жомарт Белқожаев.

Қаржы полициясы өкілдерінің мәлімдеуінше, қос шенеунік жылыжай және дүкен салу үшін жер сұраған жергілікті кәсіпкерден ақша талап еткен. Атқамінерлер «алдымен аудан басшылығына ақша төлеу қажет» дегенге меңзепті. Кейіннен олар Шымкенттегі дәмханалардың бірінде пара алу кезінде ұсталды. Ал бұған дейін 10 гектар жерге бау-бақша салмақ болған   кәсіпкерден аудан әкімінің енді бұрынғы орынбасары үш мың доллар сұратыпты. Қос шенеунік сот санкциясымен қамауға алынды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде