{metadescription}
Ақмола облысы: Жарқайың аудандық соты шығарған үкімге  наразылық туды
Ақмола облысы: Жарқайың аудандық соты шығарған үкімге  наразылық туды

Ақмола облысы: Жарқайың аудандық соты шығарған үкімге наразылық туды

Ақмола облыстық қылмыстық атқару жүйесінің 7 қызметкеріне қатысты Жарқайың аудандық соты шығарған үкім әділ емес! Бүгін облыстық сот ғимараты алдына жиналған олардың туыстары осылай деп шу көтерді. Естеріңізге сала кетсек, олар Степное кентіндегі 166/26 жалпы режимдегі колонияға іссапар кезінде сотталғандарды ұрып-соқты деп айыпталған болатын. Кеше сот шешімімен олардың алды 5 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Енді сотталған түрме қызметкерлерінің туыстары істі қайта қарауды талап етіп отыр.

Осыдан тура бір жыл бұрын облыстағы түзету колониясы қызметкерлерінен жасақталған комиссия Степное кентіндегі 166/26 жалпы режимдегі колонияға іссапарға аттанған. Ол жақтан оралысымен бұл қызметкерлердің үстінен жазасын өтеуші 17 адамнан прокуратурға шағым түсті. Онда 7 қызметкер оларды ұрып-соқты деп арызданыпты. Кеше сот үкімімен қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлерін 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырды. Бірақ бұл шешіммен олардың туыстары келіпейді. Айтуларынша, сот нақты дәлелдерді есепке алмапты. Әділдік іздеген топ облыстық сот ғимаратының алдына наразылық білдірді.

Жарқынбек Бақашбаев, Ақмола облыстық прокурорның орынбасары:

- Облыстық соттың төрағасы сіздердің алдарыңызға келіп, судьяның шешімінің күшін жойғыза алмайды. Үкіммен келіспесеңіздер, ары қарай арызданыңыздар. Судьяның шешіміне біз өздігімізден ықпал ете алмаймыз.

Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Бірақ қамауға алынған қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің туған-туыстары ары қарай да соттың «әділ болатынына сенбейміз» дейді.

Әсел Молдаирова:

- Арызданғандардың бәрі ауыр қылмыс жасап, 10-15 жылдап түрмеде отырғандар. Сонда отырып, ойларына келгенін істеп отыр. Бұл алдын ала ойластырылған, біреудің тапсырысы деп ойлаймыз!

Нұрсұлу Қайредденова:

- Осы түрмедегілер қарындарын жарып, шу шығаруға мықты ғой. Енді осы мәселе оң шешілмесе, біз де соны істейміз!

Медициналық сараптама түрмедегілердің жарақаты комиссия колониядан кеткеннен кейін біраз уақыттан соң пайда болғанын растап отыр. Бұл қорытынды сотталған түрме қызметкерлері туыстарының қолыдарында бар. Енді  аталмыш құжатпен наразы топ Жоғарғы сотқа аттанбақ.

  

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде