{metadescription}
Қайрат Закирьянов: Женьшеньде  студенттерімізді  түрлі себептермен  жүлдеге жібермеді
Қайрат Закирьянов: Женьшеньде  студенттерімізді  түрлі себептермен  жүлдеге жібермеді

Қайрат Закирьянов: Женьшеньде студенттерімізді түрлі себептермен жүлдеге жібермеді

Алматыда шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Әлем кубогы жолындағы кезекті  дода  мәресіне жетті. Екі күнге жалғасқан  жарыс қорытындысы бойынша Алматыдағы кезеңнің бас бәйгесін словениялық Юрий Тепеш иеленсе, оның отандасы Юре Синковец екінші, ал норвег Андрес Фаннамель тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.

Ұзын-саны 39 үміткер қатысқан Алматы төріндегі кезең  біздің қанатты шаңғышылар үшін сәтсіз аяқталды.  Мақтанышымызға айналған жаңа трамплиндегі жарыста  жеті жерлесіміздің тек екеуі ғана  екінші,яғни шешуші раундта бақ сынауға мүкіндік алды. Айналып келгенде Алексей Королев  25-орынды қанағат қылса, Евгений Левкин одан бір саты төмен жайғасты. Бәйгеге Швейцарияның 12 мың франкы тігілген мұндай дүбірлі  жарыс қазақ жерінде  тұңғыш рет өткізілді.   

Таэквондо өнерінің  отаны - Кореяға жолы түскен алматылық жас өрендер екі жылда бір өткізілетін  дәстүрлі  жарыстың көрігін қыздырып қайтты.  Екі жылда бір өткізілетін Чунчон ашық чемпионатында бақ сынаған  “Торнадо” клубының таэквондошылары бір алтын, бір күміс, және төрт қола медаль еншіледі. 

Алпыс елдің өкілдері бас қосқан жарыстың ортасына түсіп шыққан алматылық таэквондошылардың көңіл-күйі керемет. Басқа-басқа, ал шығыс жекпе-жегінің отанында  олжа салу  сөз жоқ,  үлкен табыс. Көпшілігі  алғаш рет шекара асса, енді  бірі талай жарыстың басын шалып үлгерген шеберлер. “Торнадо” клубының бас жаттықтырушысы Елнар Назаровтың  шәкірттері Чанчун   төрінде намысты қолдан берген жоқ. 62 келіде өнр көрсеткен  Аяулым Баймұқанбетова өз құрбылары арасында  жарыстың күміс жүлдесін иемденсе, 13 жасар Іңкәр Әлішер 40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.

Аяулым Баймұқанбетова,  Халықаралық турнирдің күміс жүлдегері:

- Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Шынымды айтсам, бұған дейін мұндай жарысты көрген емеспін.  Осал қарсылас кездестірген жоқпын, шетінен  мықты. Дегенмен  финалға жетіп, елге күміс жүлдемен қайттым.

Іңкәр  Әлішер, Халықаралық турнирдің жеңімпазы:

- Ресейлік таэквондошымен өткізген финалдық жекпе-жек өте қиын болды. Дегенмен менің екі-үш комбинациям өте сәтті шығып, жеңіске жеттім.

Чанчун чемпионатынан  “Торнадоның” тағы төрт өкілі  - Нұржан Нұрланұлы, Пай Кин Пын, Ерлан Жорашев және Айда Омар қола медаль олжалады.  Алдағы жылы Елнар Назаров пен оның командасы айтулы дода - “Корей опенде” бақ сынауды жоспарлап отыр.

Женьшеньде өткен жазғы Универсиададан  қоржынымызға 6 медаль салған спортшыларымыз еліміздің студенттік спорт федерациясы тарапынан қанағаттанарлық деген баға алды. Бүгін  Спорт және туризм академиясында баяндама жасаған Қайрат Закирьянов кеткен кемшіліктер мен жеткен жетістікті ортаға салды.

 Қытайда өткен Бүкіләлемдік универсиадада еліміздің құрамасы жалпы есепте 45- орынға табан тірегені. Әу баста медаль саны жағынан   үздік  «20 құраманың қатарына кіреміз»  деген жосапрымыз да іске аспай қалды. Студенттік спорттың басы-қасында жүргендер болашақта табысты өнер көрсету мақсатында бірнеше ұсыныстар жасады. Басты проблема- спортшылар арасындағы бәсекелестіктің жоқтығынаалға тартқан Федерация басшысы екі жылдан кейін Қазан қаласында өтетін 27- Универсиадада үздік ондыққа кіруді межелеп отыр. Бұл жоспар қаншалықты іске асатынын енді уақыт көрсетер.

Қайрат Закирьянов, ҚР Студенттік спорт федерациясының президенті:

- Біздің көптеген студенттеріміз Женьшеньде медаль алатын мүмкіндігі болды. Бірақ оларды жүлдеге түрлі себептермен жібермеді. Екі жылдан кейін Қазан қаласында өтетін Универсиадаға күрес, бокс, ауыр атлетика түрлері қосылды. Енді біздің жеңіске жететін жақсы мүмкіндігіміз бар.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде