{metadescription}
Атырауда 20-ға жуық адам лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болды деген күдікпен  ұсталды
Атырауда 20-ға жуық адам лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болды деген күдікпен  ұсталды

Атырауда 20-ға жуық адам лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болды деген күдікпен ұсталды

Батыстан тағы да ши шықты. Полиция Атырау қаласында 20-ға жуық адамды лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қолға түсірді. Ал олардың бірі полицияға қарулы қарсылық көрсетіп, атыс кезінде мерт болған. Ішкі істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, олардың барлығы діни экстремистік топ мүшелері болуы мүмкін. Қазір өңірде тәртіп күшейтіліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Атырау тұрғыны мен полицейлер арасындағы қақтығыс 29 тамызда орын алған. Күдіктіні үйінен ұстап әкетуге келген полиция күтпеген жерден қарсылыққа тап болды. 

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Сол жерде жарылғыш затты іске қоспақ болған. Осы әрекеттеріне байланысты,  тап сол жерде күдікті өлтірілді. 

 Қаза болған азаматтан аңшы қаруы, 40 шақты оқ және қолдан жасалынған екі жарылғыш зат тәркіленген. Бұл жағдайдан соң құқық қорғау органдарының бірден 20 шақты атыраулық азаматты қамауға алғаны белгілі болды. Оларға қатысты лаңкестік әрекеттер жасамақ болды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған. Бұл істі қолға алған прокурорлар қамалған азаматтардың бәрінің «қауіпсіздікке қатер төндіргені анық»дейді.

Сейфолла Кемалов, Атырау облысының прокуроры:

- «Жазып жатыр, сақалдыларды ұстап жатыр, паранжа кигендерді ұстап жатыр» дейді, біз оның бәрін білеміз, сақалды кімдер екенін. Сақалдының бәрі ваххабит емес, салафит емес. Олар басқа. Паранжа да кие берсін, сақалын да өсіре берсін, бірақ қауіпсіздікті күрделі жағдайға әкелмесін.

Жалпы, соңғы уақытта еліміздің  батыс өңірінде түрлі әңгіме тарап, лаңкестік әрекеттер жөнінде жиі айтыла бастады. Ал құқық қорғау органдарының өкілдері мұның бәрі «жағдайды ушықтырғысы келетіндер ойлап тапқан жел сөз» дейді.

Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Халық күдіктенетіндей, қорқатындай, немесе теракт болады,  басқа да қауесет сөздердің барлығы - негізсіз деп есептеймін. Қазіргі күні қорқуға ешқандай да негіз жоқ.

Дегенмен қазір батыстағы жағдайдың сол өңірді ғана емес, жалпы қазақстандықтарды да алаңдата бастағаны жасырын емес. Ондағы халықтың көбі көпшілік бас қосатын жерге баруға қорқатын болған. Құзырлы орган өкілдері бұлай «алаңдауға да негіз жоқ»дейді. Алайда бүгін Атырау қаласында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен екі азаматтың іздестіріліп жатқаны мәлім болды. Кейбір ақпарат құралдары олардың да экстремистік топ мүшелері екенін жазуда.

 

**

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде