{metadescription}
Астанада  орын алған қанды қылмыстың беті ашылды
Астанада  орын алған қанды қылмыстың беті ашылды

Астанада орын алған қанды қылмыстың беті ашылды

Астанада адамды аса қатыгездікпен өлтірген қанды қылмыстың беті ашылды. 17 мен 19 жастағы  төрт  жігіт такси жүргізушісін пышақтап өлтіріп, көлігін айдап әкеткен. Алайда қымбат көлікті бөлшектеп сатып оңай олжаға кенелмек болғандардың арам ойлары іске аспай,  бәрі қамауға алынды.

Қылмыскерлердің құрбаны болған 25 жастағы азамат  қымбат көлікпен той секілі іс-шараларда қызмет көрсетумен шұғылданыпты. Күдіктілердің назарына да люкс санатындағы  темір тұлпар іліккен. Қылмысты алдын ала жоспарлаған төртеу  жігітті  «тапсырыс береміз» деп кездесуге шақырған.  Содан қала сыртына шығарып,  он жеті жерінен пышақтап, денесін бұталардың арасына тастап кетіпті. Ал көлікті қаладағы тұрақтардың біріне уақытша жасырған. Бірақ, бейтаныс көліктен күдіктенген гараж қарауылы ішкі істер органдарына хабарлайды. Тексеру кезінде көліктің іші қанға боялғаны анықталып, бірден ізтестіру шаралары басталған. Тура сол түні полицияға ұлының хабарсыз кеткені туралы марқұмның әкесі де шағымданған екен. Ұсталғандардың  төртеуі де Астанадағы колледждердің  студенттері екені анықталды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.