{metadescription}
Өскеменде мектеп оқушысы өзінің сыныптасын пышақтап тастады
Өскеменде мектеп оқушысы өзінің сыныптасын пышақтап тастады

Өскеменде мектеп оқушысы өзінің сыныптасын пышақтап тастады

Өскеменде 11-сынып оқушысы өзінің сыныптасын пышақтап тастады. Қанды оқиға №37 мектептің дәретханасында, үзіліс кезінде болған.

Жанжалға екі жасөспірімнің дәлізде бір-бірін қағып кетуі ғана себеп болған.  Аяқ асты ерегескен екеу жұрт көзінен таса жер іздеп,  дәретханаға кіріп, жекпе-жекке шыққан. Қарсыласын жеңе алмай діңкесі құрыған  бірі күтпеген жерден қалтасынан суық қаруын алып, сыныптасының кеуде тұсына сұққан. Қазір зардап шеккен оқушы ауыр жарақатпен ауруханада жатыр, ал оған пышақ сілтеген жасөспірімге қаладан шығуға тыйым салынды. «Оқушылардың ата-анасы бір-бірімен таныс болғандықтан,  бізге ешқайсысы шағым түсірген жоқ, сондықтан  қылмыстық іс әлі қозғалған жоқ» - деді тәртіп сақшылары.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде