{metadescription}
Семейде 1-сынып оқушысын зорлаған педофил туралы ақпаратқа 100 мың теңге!
Семейде 1-сынып оқушысын зорлаған педофил туралы ақпаратқа 100 мың теңге!

Семейде 1-сынып оқушысын зорлаған педофил туралы ақпаратқа 100 мың теңге!

Семейден тағы бір азғынға қатысты хабар келіп түсті. Ондағы полиция өткен аптада бірінші сынып оқушысын зорлап кеткен адам туралы ақпаратқа 100 мың теңге беруге дайын. Тәртіп сақшылары педофил бостандықта жүре берсе, тағы бір баланы жәбірлеп кете ме деп қорқып отыр.

Мират Еникеев, Семей қалалық ІІБ ақпарат бөлімінің инспекторы:

- Кімде-кім  Макаровтың жүрген жерін, мекен-жайын анықтаса, оған сыйақы бар. Және де оның аты-жөні жасырылады.

Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласының 43 жастағы тумасы Юрий Макаровтың фотосуреті еліміздің барлық қаласына жіберілген. Естеріңізге салсақ, өткен аптада жеті жасар бала ауруханаға жараланып түскен болатын. Педофил оны мектеп жанынан күтіп алып, жұрт көзінен таса жерге апарып, ойына келгенін істеген. Өкінішке қарай  баланы жәбірлеуге қатысты ақпараттар әлі толастамай жатыр. Қарағандыда үшінші сыныптың екі оқушысын зорлаған педофил ұсталды. Ал Жамбыл облысында біреу 12 жасар қызды зорлап, өлтіріп кеткен. Ол да құрықталды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде