{metadescription}
Талдықорғанда апалы-сіңлілі  екі әйелді өлтірген   күдікті  қолға түсті
Талдықорғанда апалы-сіңлілі  екі әйелді өлтірген   күдікті  қолға түсті

Талдықорғанда апалы-сіңлілі екі әйелді өлтірген күдікті қолға түсті

Талдықорғанда апалы-сіңілі екі әйелді өлтіріп кеткен қанды қол қылмыскер ұсталды. Ол тамыздың 20-сына қараған түні Нұрила Сәбитованың үйіне баса-көктеп   кіріп, қонаққа келген апасы Назымгүлмен қоса  пышықтап кеткен.

Үйде болған 9 жасар немере қыздарын да қанішер суық қарумен жарақаттапты. Абырой болғанда бүлдіршін тірі қалды. Мұнымен қоймай қылмыскер сол үйден шыққан бетте “куәгер болады-ау” деген үреймен жол-жөнекей кездескен қыз бен жігітке де пышақ ұрған. Бірақ екеуі де ажалдан аман қалды. Қаніпезер араға ай салып,  Алматыдағы жалдаған пәтерінен табылды. Қасында іс-түссіз жоғалып кеткен деп есептеліп келген 21 жастағы бойжеткен бар екен. Дегенмен қыз полицейлерге жантүршігерлік қылмыс жасаған азғынмен өз еркімен тұрып келгендігін айтыпты. Құрықталған 29 жастағы азамат бұған дейін ұрлық және әйел зорлағаны үшін жазасын өтеп шығыпты. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде