{metadescription}
Ауыр қылмысқа  студент былғары күртеше үшін барыпты
Ауыр қылмысқа  студент былғары күртеше үшін барыпты

Ауыр қылмысқа студент былғары күртеше үшін барыпты

Өскеменде   екінші курста оқитын жігітті екі жерінен пышақтап қашып кеткен студент ақыры тәртіп сақшыларына өзі келіп, кінәсін мойындады. Айтуынша, ол әлгі жігіттен бар болғаны өзінің күртешесін қайтарып алғысы келген. Бірақ,  замандасы қайтарып беруге мүлдем асықпаған соң,  қатігез қадамға баруға мәжбүр болыпты.

ШҚО Мемлекеттік техникалық университетінің үшінші курс студенті екінші курста оқитын  жігітті тура сабақ үстінде екі жерінен  пышақтап кеткен болатын. Дәрігерлер ауыр жараланған 19 жастағы студенттің өмірін әрең сақтап қалды. Осыған дейін таптырмай келген күдікті үшінші күн дегенде полиция қызметкерлеріне өз еркімен беріліп, кінәсін толық мойындады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл оның жазасын жеңілдетпейді. Ал күдіктінің түсіндіруінше, әлеуметтік жағдайы нашар отбасынан шыққан ол жаз бойы жұмыс істеп, сатып алған былғары күртешесін бөтен біреудің тартып алып, бермей жүргеніне төзе алмаған. «Әбден ызаға булыққасын,  оны қалай пышақтап тастағанымды өзім де байқамай қалдым» -дейді. Есі шыққан ол бірнеше күн бойы жолдасының үйіне барып тығылып жатыпты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде