{metadescription}
Жасырынбақ ойнаймын деп жазым бола жаздады
Жасырынбақ ойнаймын деп жазым бола жаздады

Жасырынбақ ойнаймын деп жазым бола жаздады

Шымкентте 6 жасар бала жасырынбақ ойнаймын деп жазым бола жаздады. Өзге бүлдіршіндерден бой тасаламақ болған ол  бір  жарым метрлік шұңқырдың ішіне түсіп алған.

Өзі түскен шұңқырдан шыға алмай  тынысы тарылған бала алғашында ешкімді көмекке де шақыра алмай қалған. Бірге ойнап жүрген достары үлкендерге айтқан соң, оқиға орнына құтқарушылар келді. Қаланың коммуналдық қызметі электр бағанын орнату үшін қазып кеткен шұңқырдан ешкім таппайды деп ойлаған болуы керек, 6 жасар бүлдіршін соның ішіне түсіп жасырынған екен. Алайда ойын баласы ол жерден аяғы қысылып шыға алмай қалған. Оқиға орнына келген құтқарушы топтың баланы шығарып алу үшін  бір  жарым сағат бойы шұқырды кеңейтуіне тура келді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде