{metadescription}
Діни ұйымның 9 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты
Діни ұйымның 9 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты

Діни ұйымның 9 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты

Атышулы сопылар ісі аяқталды. Бүгін аталмыш діни ұйымның 9 мүшесіне қатысты сот үкімі шықты. Үш айға жуық қаралған   іс бүгін бітті.

Суық қаруланған әскерилер сот айналасын түгелдей қоршап алған. Осыдан-ақ процесстің маңызды екенін байқауға болады. Естеріңізде болса,  экстремистік ұйым құрып, біраз жыл заңсыз әрекеттермен айналысқан деген айыппен былтыр күзде 9 адам қамауға алынған. Олардың арасында  аталмыш  ұйымның жетекшісі Исматулла Әбдуғапар мен ғалым, профессор Саят Ыбырай да бар. Іле-шала қоғамда шу шыққан еді.

Қасым Қалмағамбетов, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

- Діни экстремистік ұйым құру мақсатында Әбдуғапар өз танысының  мешіті жанынан осы ойын іске асырған және жат бағытта жұмыс жүргізген.

Мәліметтерге қарағанда 2001 жылы Қазақстан аумағына Ауғанстаннан қоныс аударған Исматулла Әбдуғапар экстремистік діни ұйым құрып, өзінің жымысқы әрекеттерін іске асырған. Адамдарды заңсыз ұстап, ұрып-соғып, өз-өзіне қол салуға дейін апарған және заңсыз медицинамен айналысқан. Осы секілді бюірнеше баппен қылмыстық іс  үш ай жүріп, ақыры ол  «кінәлі» деп танылды. Исматулла Әбдіғапар - 14 жылға, Саят Ыбырай - 12 жылға,  қалғандары 6, 8, 9 жылдарға бас бостандығынан айрылды. Арасында екі әйел де бар. Айыпталушылар сот шешімімен келіспей, жоғары органдарға қайта арызданамыздеп отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде