{metadescription}
Қазақ футболы жақын арада  жанкүйерлерін  қуанта қояр түрі жоқ
Қазақ футболы жақын арада  жанкүйерлерін  қуанта қояр түрі жоқ

Қазақ футболы жақын арада жанкүйерлерін қуанта қояр түрі жоқ

Қазақ Еліміздің жастар құрамасы 2012 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турының алғашқы матчында жеңіліс тапты. Алматының орталық стадионында  төртінші топтың басты фавориті Чехияға қарсы ойнаған Павел Травниктің шәкірттері тұшымды ойын көрсете алмады.

Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі Алматыда өтеттін естігенде іштей үміт ұялағаны белгілі. Алайда қазақ футболы жақын арада  жанкүйерлерін  қуанта қояр түрі жоқ. Топтық кезеңнің алғашқы кездесуін чехиялық құрдастарына қарсы өткізген  футболшыларымыздың бойында көп нәрсе жетіспей жатты.   Бұл бәсекені бақылаудан бастаған қонақтар бірден шабуылдауға асықпады. Ал өз кезегінде біздің футболшылардың  алғы  шептегі Абат Айымбетовке  қайта-қайта әуелетіп  пас  шығара бергендерін  түсінбедік.  Одан  нәтиже шықпаса да,  Абатқа пас берулерін  қоймады.  Есесіне  алғы шепте   қалай ойнау керектігін   21-минутта Доменик Машек көрсетті. Бірнеше қорғаушылардың арасынан саңлау тапқан жас талант ала допты қақпада  тулатты. Үзіліске дейін есеп өзгермеді. Екінші таймда ойын негізінен  алаң ортасында өрбіді. Тек ара-тұра алыс қашықтықтан соққы бағыттаған қос команда қорғаныста сақ ойнауға тырысты. Бірақ 49-минутта жас та болса бас болған Доменик Машек қорғаушыларымызды тағы бір мәрте шаң қаптырып кетті. Кездесу соңына дейін есеп айырмасын қысқартуға тырысқан құрамамыздың іс-әрекетінен нәтиже шықпады. Қортынды есеп:2:0. Алда  жерлестермізді  алда азулы Ирландия мен Лихтенштейн күтіп тұр. Бұғанасы қатпаған жастарымыз 2012-жылғы Еурододаны соңғы орынмен аяқтаған бас командамамыздың кебін кимесе жарар.

Кеше түнде чемпиондар лигасында топтық кезеңінің қалған сегіз кездесуі ойналды. Осы турдың орталық матчы “Марсель” мен “Арсенал” арасында өрбіді.

Марсельдегі “Велодромда” өткен бәсекенің тағдырын қонақтар салған жалғыз доп шешіп кетті.  Тоқсан минут бойы қақпасын берік ұстаған  Стив Мандандақосымша уақыттың екінші минутында  сан-соғып қалды.   Ал  Бельгияның “Генк” клубын қабылдаған лондондық “Челси” қонақтар қақпасына жауапсыз 5 доп тоғытты. Германияның “Байері” өз алаңында Испанияның “Валенсиясын” 2:1 есебімен ұтса, дортмундттық “Боруссия” сырт алаңда Грекияның “Олимпиакосына ”  3:1 есебімен жол берді. Украинаның “Шахтері” “Донбасс Аренада”  Петербордың “Зенитімен” ұпай бөлісті. Тартысты өткен кездесудің нәтижесі 2:2.   

Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында  футболшылар жасыл алаңды шаршы алаңға айналдырды. Бокстан гөрі ережесіз жекпе-жекті еске түсірген жаппай төбелес жергілікті “Сувон Самсунг” пен   Катардың “Аль Садд” клубы арасындағы матчта  орын алды.

Азия чемпиондар лигасы аясындағы алғашқы жартылай финалдық бәсеке жап-жақсы-ақ басталған. Дегенмен уақыт өте ойын тәртібі бұзылған эпизодтар  ара-кідік орын алып  тұрды. Осы ұсақ-түйек оқиғалар  жалғаса келе түбі нағыз қызыл төбелеске ұласып тынды.  Жасыл алаңды  кеңінен пайдалана жүріп ұрыс салған қарсыластар  бейнебір көкпар тартысқандай  бірін-бірі қуалай жүріп сабағандары стадион толы  көрермендердің қиқуына жалғасты.   Қызу қанды жанкүйерлерге  бұдан өткен қызық  бар мА?   Нәтижесінде  ерекше көзге түскен бұзақылар ойыннан қуылып,   шырқы бұзылған бәсеке 0:2 есебімен катарлық клубтың жеңісімен аяқталды.

Сувондағы кездесу  жаппай төбелеспен есте қалса, осы күні өткен екінші жартылай  финалдық матч тор ішінен табылған керемет  голдармен ерекшеленді.   Сауд Аравиясының  екінші қаласы  Жиддада өткен бұл ойында  жергілікті “Аль-Иттихад”   Оңтүстік Кореяның тағы бір клубы “Чонбук Хэндайдан” ұтылып қалды.

Салған жерден алаң иелерін қыспаққа алған қонақтар кездесудің 2-минутында есеп ашып алға шықты.  Әне-міне дегенше гол жіберіп алған “Аль Иттихад”  сол екі арада –ақ есепті теңестіріп үлгерді.  Осы голдың авторы Ахмед Найф ,  көп кешікпей өз командасын алға шығарды.  Кейіннен белгілі болғандай,  Найф салған екінші доп алаң иелері үшін бүгінгі ойындағы соңғы гол болып шықты.  Үзілістен шыға сала ширақ ойынға кіріскен  кәрістер іле-шала таразы басын теңестіріп үлгерді. Бұл эпизодта  қарсы қақпадан саңлау тапқан “Чонбук Хэндайдың ” мергені Сеун Жоон  Сон көзе түсті.  Мұнымен  тоқтамаған қонақтардың  кезекті бір комбинациясы Сонг Хван Чоның нәтижелі соққысымен аяқталды.  Жартылай финалдық қарымта матчтар қазанның  26- күні өтеді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.