{metadescription}
Концертті тамашалауға келген астаналықтар залға сыймай қалды
Концертті тамашалауға келген астаналықтар залға сыймай қалды

Концертті тамашалауға келген астаналықтар залға сыймай қалды

Тәуелсіздік тойы Астанада басталып кетті. Ел егемендігінің 20 жылдығына орай халыққа арналған патриоттық әндер фестивалі дәл қазір Елорданың Конгресс-холл сарайында өтіп жатыр.

Патриоттық әндер фестивалі Тәуелсіздіктің  20  жылдығына орай дайындалған мемлекеттік бағдарламаға бекітілген. Жоспар бойынша орындалып жатқан аталмыш шараға Астананың танымал және жас әншілері қатысуда. Сонымен қоса фестивалдың ең басты әншісі ретінде халық  артисі  Роза Рымбаева да өнер көрсетеді деп күтілуде. Кешкі концертті тамашалауға келген астаналықтар залға сыймай қалды десе болады. Оның үстіне билеттер тегін таратылған. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай дәл осындай мерекелік іс-шаралар енді еліміздің басқа аймақтарында болады.   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.