{metadescription}
“Қайрат” ақтық бәсекеге  бір табан жетпей сүрінді
“Қайрат” ақтық бәсекеге  бір табан жетпей сүрінді

“Қайрат” ақтық бәсекеге бір табан жетпей сүрінді

Футзалдан Алматының ҚайратыУЕФА кубогының ақтық бәсекесіне бір табан жетпей сүрінді.

Шешуші ойында Мәскеудің“ Динамосымен”  2:2 есебімен тең ойнаған командамыз доп айырмасы бойынша турнирдан тыс қалды.

Германияның Бундеслигасында нағыз тартыс енді басталды. Былтырғы маусымда чемпиондық тәжді басына көтерген дортмундттық “Боруссия” осы жолы да жүлдеден дәмелі. Неміс біріншілігінің көшбасшысы “Баварияны” Альянс Аренада 0:1 есебімен жеңген Юрген Клопп шәкірттері өз ойындарын енді тапқан сыңайлы. Еуропаның түкпір-түкпірінде өткен өзге де кездесулерде қызық аз болмады.

Осы маусым “Баварияның” аптығын басатын команда жоқ дегендер көп болды. Алайда соңғы бәсекеде негізгі құрамның белді ойыншысы Бастиан Шванштайгерден айрылған неміс машинасының механизмында ақау пайда болды. Есесіне жарақатынан енді айығып шыққан голландиялық шебер Аррен Роббен негізгі құрамнан көрінді. Кездесуді сылбыр бастаған қос команда алғашқы таймды бір-бірін бақылаумен өткізді. Біртіндеп ойын тізгінін қолға ала бастаған “Боруссия” Мануэль Нойер қақпасының алдында гол соғатын бірнеше өткір шабуылдар ұйымдастырып үлгерді. Үзілістен кейін қарқынын үдете түскен дортмундттықтар 65-минутта дегендеріне жетті. Джером Буатенгтің қорғаныстағы өрескел қателігін ұтымды пайдаланған Марио Гетце матчтағы жалғыз допты соғып, командасына маңызды үш ұпай сыйлады. Ал осымен төртінші мәрте “Боруссияға” тісі батпаған “Бавария” басты қарсыласын небәрі екі ұпайға жақындатып алды.

Осы турдағы өзге кездесуде Мюнхенгладбахқа қонаққа барған “Вердер” жерглікті “Боруссиядан” жауапсыз 5 доп жіберіп алды.

Бұл матчтың тағдыры алғашқы таймда-ақ шешіліп қойғанды. Алдымен 16-минутта Патрик Херман көзге түсті. Артынша,“Боруссия Парк”стадионына жиылған жанкүйерлер Марко Ройстың қос голына куә болды. Үзілістен кейін шабуылдарын бәсеңдетпеген “Боруссия” есепті одан әрі еселей түсті. Бұл кездесуде жасындай жарқылдаған  Ройс өз атына хэт-трик жазса, Хуан Аранго есепті 5:0 ге жеткізді.

Чемпиондық бәсекеге талас Францияда да қызу өтіп жатыр.

Осы уақытқа дейін турнир кестесінің басынан түспей келген “ПСЖ” өз алаңында “Нансиге” жеңілуге мәжбүр болды. Ойындағы басымдығын голға айналдыра алмаған “Парисанджермен” алғашқы таймды жоғары жылдамжықпен өткізді. Алайда матчтың екінші жартысы қонақтардың пайдасына шешілді. Оң қапталдан пас алған Жан Кальве допты тоқтатпастан  Сальвадоре Сильву қорғаған қақпаға шірене тартты. Қалған уақытта есепті теңестіруге барын салған алаң иелері Хавиер Пасторе мен Кевин Гамейроның көмегімен таразы басын теңестіретін бірнеше мүмкіндікті жібріп алды. Бірде доп қақпадан қиыс кетсе, бірде қақпа маңдайшасы көмекке келді. Сондай-ақ өз қақпасына доп дарытпаған  “Нанси” қақпашысы Роллан Ассембенің еңбегін атап өткен жөн. Сонымен 14-турдан кейін франция біріншілігінде 30 ұпай жинаған “ПСЖ” “Монпельемен” алғашқы орынды бөлісіп тұрса,  үштікті 25 ұпаймен “Лиль” түйіндеп тұр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.