{metadescription}
Алматы барахолкасындағы жарылыста  жасөспірім қаза тапты
Алматы барахолкасындағы жарылыста  жасөспірім қаза тапты

Алматы барахолкасындағы жарылыста жасөспірім қаза тапты

Алматының атышулы барахолкасында жарылыс болды. «Ялян» базарында пиротехникалар сақталған қойма аяқ асты тұтанған. Төтенше жағдайдың салдарынан 18 жастағы жасөспірім қаза тапты.

Өрт туралы хабар кешкісін сағат төртте түскен. Төтенше жағдайдың ошағына 18 өрт сөндіру көлігі тартылған. Алайда көлік кептелісінің кесірінен жедел жету қиындық туғызыпты. Соның  салдырынан мыңға жуық адам жүрген базардың іші қара қою түтінге толған. Артынша өрт ұшқыны қытайлық пиротехникалар сақталған қоймаға да тиіпті. Жарылыстан 18 жастағы бозбала қатты жараланған. Бірақ ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігі ішінде жан тәсілім етті. Өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метрді құраған. Қазір төтенше оқиғаның неден болғаны тексерілуде. Алғашқы болжам - өрт қауіпсіздігінің сақталмауы.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде