{metadescription}
Бүлдіршінді  зорлаған тағы бір азғын Атырауда құрықталды
Бүлдіршінді  зорлаған тағы бір азғын Атырауда құрықталды

Бүлдіршінді зорлаған тағы бір азғын Атырауда құрықталды

Атырауда тағы бір жасөспірім жәбірленді. Бұл жолы педофил 8 жасар қыз баланы зорлаған. Тәртіп сақшылары айуандық әрекет жасаған  қылмыскерді үш тәулік өткеннен кейін құрықтады.

Қазір шалжиып төсекте жатқан осы арсыз өрімдей жастың өміріне балта шапты. Тәртіп сақшыларымен тілдескісі де жоқ. Ардан безген ол бүлдіршінді мектептің жанында торуылдап тұрған. Құрбыларымен бірге үйіне бет алған қыз баланың жанына барып, алыс туысқаны боп келетінін айтып, топтан бөліп әкеткен көрінеді. Дереу жаңадан салынып жатқан құрылысқа апарып,  арам ойын іске асырған. Оқушы қыз үйіне тек кеш бата келіп, анасына болған жайды баяндап беріпті. Шұғыл іздеуге кіріскен Құлсары аудандық ішкі істер бөлімі қылмыскердің фотороботын жасаған. Арада үш күн өткенде 25 жастағы жергілікті азамат құрықталды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Мас болғанын айтады. Қазіргі таңда биологиялық  сараптама  жарияланды, ал жәбірленген қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде