{metadescription}
Кувейт   үкіметі толық құраммен отставкаға кетіп отыр
Кувейт   үкіметі толық құраммен отставкаға кетіп отыр

Кувейт үкіметі толық құраммен отставкаға кетіп отыр

Кувейтте де саяси дағдарыс. Солтүстік Африкадағы араб мемлекеттеріне қарағанда бұл ел әлдеқайда бай болғанымен,  бірнеше айдан бері олар да наразылықтан көз ашпаған еді. Енді Үкіметі толық құраммен отставкаға кетіп отыр. Төңкеріс алдында тұрған елдегі жағдайға байланысты атқарушы билік саяси дағдарыстан осы арқылы құтылуды жөн санаған.

Басқа да араб елдері сияқты Кувейтте де осы жылдың басында жаппай наразылық шарасы басталған-ды. Кейін билік бүліктің алдын алғанмен,Үкімет пен Парламент арасында көп қақтығыс болды. Одан кейін премьер-министр шейх Насыр әл Мұхаммед ас Сабахтың ірі жемқорлық әрекеті әшкере болған соң елдегі жағдай тіпті ушыға түсті. Сондықтан Үкімет мүшелері бірер күн бұрын Президентке өздерін отставкаға жіберуді өтінген болатын. Сондай-ақ ел Парламенті де жақын күндері таратылады деп күтілуде. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

30 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде