{metadescription}
Қызғаныштан жолдасының ашынасын өртеп жіберді!
Қызғаныштан жолдасының ашынасын өртеп жіберді!

Қызғаныштан жолдасының ашынасын өртеп жіберді!

Семейде азаматтық некедегі күйеуін қызғанған әйел жолдасының ашынасын өртеп жіберді. Марқұм болған келіншек ерлі-зайыптылардың бұрынғы танысы екен.  

32 жастағы әйел олардың үйіне қонаққа келіп, үшеуі дастарқан басында ащы судан ұрттапты. Кейін тіске басарлары таусылған соң үй иесі дүкенге шығып кеткен. Ал келген бетте жолдасының қонақ келіншекпен төсектес болып жатқанын көрген. Ызаға булыққан 44 жастағы әйел ерінің көңілдесін үйден қуып шықпақ болыпты. Алайда ол әрекетінен ештеңе шығара алмай, ашуланған әйел көрші бөлмеде тұрған спирт толы ыдысты алып, төсектің айналасына шашып, сіріңке тастап жіберген. Соның салдарынан көңілдес келіншектің денесін түгелдей күйік шалып,  бес  күннен кейін  ауруханада көз жұмды. Ашуға бой алдырған әйел қазір қамауда. Енді ол алдағы 10 жылын темір торда өткізуі мүмкін. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.