{metadescription}
Төлеген Ақылбеков  аралас жекпе-жектен  атағы жер жарған   Емельяненкомен кездесті
Төлеген Ақылбеков  аралас жекпе-жектен  атағы жер жарған   Емельяненкомен кездесті

Төлеген Ақылбеков аралас жекпе-жектен атағы жер жарған Емельяненкомен кездесті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанау спортының майталманы Денис Тен  Түркияда өткен ірі турнирдің бас жүлдесін иеленді.

Міндетті және еркін бағдарламаның қосындысы  бойынша  220, 83 балл жинаған жерлесіміз өзінің спорттық  мансабындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Денисті жаңа жылдың басында  екі бірдей ірі жарыс күтіп тұр.  Оның алғашқысы  АҚШ та өтетін төрт континент чемпионаты десек, одан әрі алматылық спортшы Францияның Ницца қаласында жалауын көтеретін әлем чемпионатына аттанады.

Алматыда нағыз қызыл төбелеске жақындатылған  ережесіз жекпе-жектен үлкен спорт кеші өтті.  Осы кеште шаршы алаңға көтерілген он  жұптың  бірі  әлем чемпионы атағын  сарапқа салса, кештің көркін ашқан орталық матчта жерлесіміз Төлеген Ақылбеков  аралас жекпе-жектен  атағы жер жарған ресейлік шебер Александр Емельяненкомен кездесті.

 Ережесіз жекпе-жек  сайып келгенде,  Рим империясы тұсындағы гладиаторлар айқасының бүгінгі  заманға тән үлгісі. Әрине, айырмашылық жер мен көктей. Амфитеатрдағы айқас  құлдардың бірі жан тәсілім еткенше  жалғасып,   су боп аққан қызыл қан  үлкен шоуды тамашалауға жиналған көрермендердің делебесін  қоздыратын.  Біздің бүгінгі ержесіз жекпе-жегіміз гладиаторлар бәсекесінің тек сыпайы түрі ғана. Дегенмен  қызыл төбелеске деген қызығушылық генетикалық тұрғыдан алып қарағанда,  біздің бойымыздан жоғала қойған. Соның бір айғағы,  аралас жекпе-жектер бұл күндері   бок, кикбоксинг,  каратэ және  күрестің түрі- түрін үлкен аренадан ығыстырып келе жатқаны  шындық.  Балуан Шолақ сарайында өткен қазақстандық клуб “Алаш-Прайд” пен  дүниежүзі құрама командасы арасындағы матчта   ине шаншар орын  болмады. Соңғы жылдары  Алматыдағы осы сарайда  халықаралық деңгейдегі қаншама жарыстарға куә болып жүрсек те, мұнша халық жиналғанын көрген емеспіз. Бұл - нағыз жүрек жұтқан жігіттердің додасы.  Сегізбұрышты теміртордың ішіне кірдің бе, бәрін ұмытып, қарсыласыңды жұлып жеуге дайын болуың керек. Таяқжегеннің көкесі де осында. Осы кештегі он жекпе-жектің бәрі айқасқа толы болды.  Бауырларымыз жарады. Сегізбұрышқа шыққан он жігіттің  тоғызы жеңіске жетті. Әсіресе    Қуат Хамитов пен өзбектің мықтысы Аюбхан Камалов арасындағы қарымта матч пен  ММА Бушидо версиясы бойынша чемпиондық атақты сарапқа салған   Аслан Тохтарбаев  пен украиналық Андрей Шпотаның жекпе-жегі көрерменді баурап алды.  Екі батыр да намысты қолдан берген жоқ. Қуат  ұпай санымен ұтса, Аслан шыққан бойда   украиналық  шеберді нокаутқа бір-ақ жіберді.  Бірақ   жерлесіміз Төлеген Ақылбеков пен  аралас жекпе-жектен әлемге танымал ресейлік шебер Александр Емельяненко арасындағы  кештің орталық матчы біз күткендей шықпады. Осыдан бір ай бұрын  дағыстандық Магомед Маликов   осы кіші Емельяненконы  бары-жоғы 23 секундтың ішінде  еденге сұлатып салғаны есімізде. Ол  Магомед еді. Ал  Александр  бұл жолы біздің Төлегенді  бәсекенің бірінші раундында қол ауырту әдісімен жеңіп кетті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде