{metadescription}
Ата-ана қамқорынсыз қалған бөбектерге арналған жаңажылдық шырша мерекесі өтті
Ата-ана қамқорынсыз қалған бөбектерге арналған жаңажылдық шырша мерекесі өтті

Ата-ана қамқорынсыз қалған бөбектерге арналған жаңажылдық шырша мерекесі өтті

Тұңғыш Президент қоры ата-ана қамқорынсыз қалған бөбектерге арналған жаңа жылдық шырша мерекесін өткізді. Шараға Алматы қаласы және облыстағы балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мектеп-интернаттарының балалары шақырылды.

Дәстүрлі шараға биыл 500-ден астам бүлдіршін қатысты. Жасыл шыршаны айнала ән салып, би билеген балалардың көңілі бір серпіліп қалды. Бүлдіршіндер дайындаған қойылымдар да жылдағыдан ерекше. Шара барысында 3-14 жас аралығындағы балаларға сыйлық берілді. Сонымен бірге ертегі кейіпкерлерін сомдаған бөбектер арнайы марапатқа ие болды. Мереке ұйымдастырушылары да балғындар қуанышын бірге бөлісті.

Бектас Мұхамеджанов, ҚР Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры:

- Төрт жыл ішінде балалар үйі мен  мектеп-интернаттармен қарым-қатынасымыз  нығайды. Жаңа жылда ғана емес,  басқа  мерекелерде  де  көмегімізді аямаймыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

07 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде