{metadescription}
Астаналық  әдісті алматылық коммуналдық   мамандар да пайдалана бастады
Астаналық  әдісті алматылық коммуналдық   мамандар да пайдалана бастады

Астаналық әдісті алматылық коммуналдық мамандар да пайдалана бастады

Астаналық әріптестердің әдісін алматылық коммуналдық қызмет мамандары да пайдалана бастады. Коммуналдық қызметтің ақысын төлемеген тұрғындардың пәтерлері кәріз құбырынан ажыратылып жатыр. Қаладағы коммуналдық мекеме қызметкерлері берешегі бар тұрғындарға осындай шара қолданғаннан басқа амалдары қалмағанын айтады. Жаңа тәсілдің ерекшелігі сол, ол өзге адал тұтынушыларға еш кедергісі жоқ. Бүгін біздің тілшілер де мамандармен бірге жүріп, жаңа әдіспен танысты.

Қанға сіңген әдет сол, қолда қаржысы бола тұра,  коммуналдық төлемді төлемейтіндер артқан. Жарық пен жылуды былай қойғанда, тіпті кәріз құбырлар жүйесіне белгіленген азын-аулақ ақшаны да айлап, жылдап бермейтіндер бар. Дәл осы коммуналдық қызмет түріне қалада қарызгерлер саны 7 мыңнан асып жығылады. Олардың мекеме  алдындағы борышы мың теңгеден бастап.  150 мыңға дейін жеткен.

Жандос Серікбай, “Алматы Су Холдингі” МКК жетекші маманы:

-  Тұтынушылар бұрын ойлайтын, көп пәтерлі үйде мен үшін ғана бәрін ажыратпайды деп.

Енді бұған жол жоқ. Қазір осыған жауапты қаладағы коммуналдық мекеме жаңа тәсілмен жұмыс істей бастады. Өзгеге кедергі келтірмей, нақ сол қарызын төлемеген тұрғынның пәтерін кәріз құбырынан ажыратып тастауға мүмкіндік бар. Ол үшін шатырдан ортақ кәріз құбыры арқылы  камера орнатылған құралмен, сол пәтерге қосылған желіні бітеп тастайды. Бүгін сондай бірнеше үйдің кәрізі тығындалды. Мәселен,  бұл пәтер иесі 25 мың теңге қарыз.  Бір   жылдан бері кәріз желісін пайдаланғаны үшін көк тиын да төлемеген.

Жандос Серікбай, “Алматы Су Холдингі” МКК жетекші маманы:

- Тұрғын өздігінен ішінен ала алмайды. Өйткені жабатын тығынымыз ондай мүмкіндік бермейді. Тек біздің мамандар салып, біздің мамандар ғана ала алады.

Қалалықтарға құлаққағыс: бірден қондырғысын құшақтап, барлық үйдің құбырын бітеп тастайды деп қорықпаңыз. Алдымен мамандар бір ай бұрын ескерту жасайды. Мән бермесе ғана шара қолданады. Нәтижесі  бар көрінеді. Дәретхана мен ас үйден шыққан қалдық судың сасық исіне шыдай алмаған тұрғындар  бірден қарыздарын қайтарып жатыр.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде