{metadescription}
Жаңаөзендегі жанжалды шешуге Елбасының өзі араласты
Жаңаөзендегі жанжалды шешуге Елбасының өзі араласты

Жаңаөзендегі жанжалды шешуге Елбасының өзі араласты

Бір аптадан бері тынышы кетіп,  бейберекетсіздік  жайлаған  Жаңаөзендегі жанжалды реттеуге Елбасының өзі араласты.  Бүгін түс ауа Нұрсұлтан Назарбаев шұғыл Ақтауға ұшып барып, облыс әкімін қызметінен алды.

Маңғыстау облысына алты жылға жуық әкім болған Қырымбек Көшербаев Жаңаөзендегі соңғы оқиғаларға байланысты атынан ауғаны айтпаса да түсінікті. Енді тұрақсыздық белең алып, мазасы қашқан өңірді бұрынғы Ішкі істер министрі  Бауыржан Мұхамеджанов басқармақ. Бүгін су жаңа әкімді  Президент өзі ертіп апарып, облыс активіне таныстырды. 51 жастағы Бауыржан Мұхамеджанов 2000 жылдан бастап саясат сахнасында белсенді көріне бастады. Ақорда мен Үкіметте лауазымды қызметтер  атқарып, 4 жыл  табан аудармастан  Ішкі  істер министрлігіне басшылық жасады. Кейін Парламенттің Жоғарғы заң шығарушы палатасында сенатор болып жүрген еді. Әріптестерінің сипаттауынша, қатал әрі талапшылдығымен танымал Мұхамеджановқа бірінші кезекте аймақтағы ахуалды тұрақтындыру тапсырмасы жүктеліп отыр. Сондай-ақ, бүгін   жеті   ай бойы ереуілдеп жатқан мұнайшылармен бір мәмілеге келе алмаған «Қазмұнайгаз»  ұлттық компаниясының басшысы да ауысты. Осыдан бірнеше ай бұрын тағайындалған Болат Ақшолақовтың орнына компанияны енді Мұнай және газ вице-министрі болып келген Ләззат Қиынов жетекшілік етпек. Тізгінді қайта қолына алған  Қиынов бұған дейін де «Қазмұнайгазды» басқарған еді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде