{metadescription}
Өнер мен әдебиетке қосқан үлестері үшін  мемлекеттік стипендия  алғандар
Өнер мен әдебиетке қосқан үлестері үшін  мемлекеттік стипендия  алғандар

Өнер мен әдебиетке қосқан үлестері үшін мемлекеттік стипендия алғандар

 Өнер мен әдебиетке қосқан үлестері үшін! Бүгін Алматыда ел мәдениетінің даму жолында табанды еңбек етіп жүрген тұлғаларға Президент мемлекеттік стипендия табыстады. Осымен қатарынан 16-шы жыл үлестіріліп отырған  ақшалай сыйға биыл 100 адам лайық деп танылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасыныңи Президенті:

-  «Елге ынтымақ керек» деп айтып келе жатырмын. Сіздер қоғамға дәнекер болып, тек татулық пен тыныштыққа тірек болатын азаматсыздар. Әрине,  қазіргі жастар біздің басымыздан өткеннің барлығын біле бермейді. Жан-жақта болып жатқандарға еліктейді. Сондықтан оларға  ақыл   айтатын   ақсақалдар да өздеріңіздер!

Стипендия иегерлерінің биылғы тізімін Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Асанәлі Әшімов, Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Фариза Оңғарсынова, Герольд Белгер сынды ел құрметтіне бөлеген тұлғалар бастап тұр. «Ең басты еңбекті бағалау» деген Елбасы қайраткерлердің қоғамға қосар үлесі әлі де өсу түсуге жазсын деген тілегін білдірді. Сондай-ақ, соңғы уақытта көзге түсіп жүрген кейінгі буын өкілдері де Президент назарынан тыс қалмапты. Дәулеткерей Кәпұлы, Ерболат Құдайбергендер мемлекеттік стипендия иегері атанды. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде