{metadescription}
Миллиардерлер балаларына соқыр тиын да қалдырмайтын болды
Миллиардерлер балаларына соқыр тиын да қалдырмайтын болды

Миллиардерлер балаларына соқыр тиын да қалдырмайтын болды

Әлемнің миллиардерлері өз балаларына соқыр тиын да мұраға қалдырмайтын болды. Есесіне,  шалқыған дәулет пен ағыл-тегіл байлықтың қожайындарының  есепшоттарында жатқан қыруар қаржыны қайырымдылыққа қимақшы. Дәулеттілер ұрпақтары табыс пен байлыққа   өз күштерімен жету қажет екенін айтады.

Ең бірінші болып, «Microsoft»  компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс пен әйгілі меценат Уоррен Баффет өздері сияқты ат төбеліндей ауқатты адамдарды қалталарындағы қаржыны мұқтаж жандарға қиюға үгіттеп,  қайырымдылық қорын ашқан болатын. Тіпті   «мейірімді»  байлар өздерінің өмір бойы жиған қаржыларын түгел дерлік әлгі қорға аударып та үлгерген. Мысалы, Билл Гейтс  үш  баласына 53 миллиард доллардың тек 0,02 пайызын мұра етіп қалдырыпты. Ал Уоррен Баффет 48 миллиардтық капиталын  аталмыш  қорға құйыпты. Сондай-ақ, өзінің байлығын қарақан басының қамына емес, қайырымдылыққа жұмсауға ниет білдіргендердің қатарында миллиардер  Бернард Маркус, Тед Тернер және ресейлік қалталы Владимир Потанин бар. Көңілі жомарт байлар өз балаларына әкелеріне тиесілі мол байлықтан дәметпеу қажеттігін  «әлдеқашан ұқтырып қойдық»деп отыр.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде