{metadescription}
Еркін күрестен  қазақ жастары әлі күнге топ жара алмай жүр
Еркін күрестен  қазақ жастары әлі күнге топ жара алмай жүр

Еркін күрестен қазақ жастары әлі күнге топ жара алмай жүр

Техникалық  әдіс-айлаға бай және оны кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін еркін күрестен  қазақ жастары әлі күнге әлем және олимпиадалық ойындарда топ жара алмай жүр. Осы мақсаттың үдесіне жету үшін бұл күндері елімізде үлкен де кешенді шаралар қолға алынуда. Мысалы, осыдан үш ай бұрын жаттықтырушы-оқытушылардың білімін жетілдіру аясында арнайы республикалық курс ашылды. Еркін күрес бойынша республикалық біліктілікті арттыру курсына жиналған жаттықтырушы-оқытушылар алғашқы сабақтарын  қазақ күресі тарихынан бастады. 

Елімізде еркін күрестен алғашқы ресми жарыстар 1955 жылдан бері өткізіле бастаған. Күрестің осы түрін ел арасында насихаттауда  Қабден Байдосов, Әбілсейіт Айханов, Амангелді Ғабсаттаров, Аманжол Бұғыбаев секілді   ағаларымыздың сіңірген еңбектері зор.  Бұратана халықтардың өкілдерін алалайтын саясат Кеңес тұсында спортты да айналып өткен жоқ. Айханов, Ғабсаттаров, Бұғыбаев  өз салмақтарында бірінші нөмір бола тұрып, КСРО құрамасына бас сұға алмаған.  Әйтпесе  қазақтың олимпиониктері мен әлем чемпиондары сол кезде-ақ жарқ етері анық еді. Дегенмен қажып отырған біз емес. Республикалық курсқа жиналған жаттықтырушы-оқытушыларға ақ батасын берген қазақтың түйе балуаны, КСРО спартакиадасының жеңімпазы Әбілсейіт Айханов еркін күрестің ертеңіне үлкен сеніммен қарайтынын айтты. Осы күндері Қазақстан ұлттық құрамасын дайындауда шаршамай тер төгіп жүрген тағы бір  даңқты балуанымыз Аманжол Бұғыбаев бапкерлердің білімін ұштайтын курстың ашылғанына дән риза.

Еркін күрес бойынша өтіп жатқан курсқа еліміздің түкпір-түкпірінен 80-ге таяу жаттықтырушы-оқытушылар жиналыпты. Олар алдағы екі апта бойы спорттық медицина мен психология, практикалық жаттығулар және ғылыми әдістемелік жұмыстардан дәріс алып, еркін күрес әлеміндегі соңғы жаңалықтармен танысатын болады.

Үлкен үзілістен кейін  жалғасын тапқан  Еуропа чемпиондар лигасында сейсенбі күні 1/8 финалдың алғашқы екі матчы ойналды. Германияға жолы түскен  “Барселона” Леверкузенде жергілікті “Байерден” 3:1 есебімен басым түссе, осы маусым  небір күштілерді жарыстан шеттеткен Кипрлік “АПОЭЛ”   сырт алаңда “Лионға” жол берді. ” Мұндағы есеп:1:0. Бүгін тағы екі матчтың нәтижесін білетін боламыз.

Соның бірінде Еуропа грандтары “Милан” мен ”Арсенал” кездеседі.  Ел арасында бұл бәсекеге деген қызығушылық өте жоғары.  Миландағы “Джузеппе Меацца” стадионындағы  матчты 1/8 сын аясындағы ең маңызды ойындардың бірі деуге болады. Ал, плей-офф кезеңіне бірінші рет аяқ басқан  Санкт-Петербургтің “Зениті” бүгін өз жанкүйерлері алдында  Португалияның белді клубтарының бірі “Бенфиканы”  сынаққа алады. 

Катардың шөлейтті даласын кезіп шыққан велошабандоздар  Таяу Шығыстан алыстай қойған жоқ. Енді олар көршілес Оман сұлтанатында жалауын көтерген көпкүндік велотурдың көрігін қыздыруда.

Германиялық велошабандоз Андре Грайфель Сұлтанат астанасы Маскаттан басталған алғашқы кезеңнің жеңімпазы атанды.  Ол мәре алдындағы спринттік бәсекеде өзімен үзеңгі қағыса жарысқан ресейлік Денис Галимзянов пен америкалық Тайлер Фаррардың алдын орап кетті.  Бұл-   “Лотто” клубының намысын қорғап жүрген неміс жігітінің жаңа маусымдағы төртінші жеңісі 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде