{metadescription}
Түнгі клубта ағалы-інілі жігіттер оққа ұшты
Түнгі клубта ағалы-інілі жігіттер оққа ұшты

Түнгі клубта ағалы-інілі жігіттер оққа ұшты

Өскеменнің түнгі клубтарында қанды қақтығыстар жиілеп кетті. Бұл жолы ағалы-інілі жігіттер оққа ұшты. 31 жастағы азамат емханаға жетпей көз жұмса, ауыр жарақат алған оның інісі жансақтау бөлімінде жатыр. Әзірге бұл қанды сойқанға бір емес, бірнеше адамның қатысы бары анықталып, тіпті бірталай күдіктілер қолға түсті. Алайда нақты оқ атқан азамат ізін суытып үлгерген.

- Қаланы дүрліктірген оқиға  түнгі клубта  орын алған. Ойын-сауықтың әбден қызған шағында атылған оқ ағайынды Алексеевтерді қанға бояған. 31 жастағы азамат жедел жәрдем көлігінің ішінде көз жұмса, оның інісі емханада жатыр.

Атыс болған клубтың басшылығы қазір маңына ешкімді жолатар емес. «Қанды оқиға клубың ішінде емес, далада болды, түк көрмедік» -  деп, ат-тондарын ала қашты.

Тәртіп сақшылары   тергеу барысында «тапсырыспен кісі өлтіру» дегенді қарастырмайтын болды. Олардың болжамынша, қанды қақтығыстың басы топтық төбелестен басталған. Шамасы келмеген екі жақтың бірі аңшы мылтығынан алып шығып, оқ жаудырған.

Бақытжан Торғаев,ШҚО ІІД баспасөз орталығының бастығы:

- Жанжалдың соңы бұзақылыққа әкеп соққан,бір жақ екінші жақтың азаматын бұзақылық салдарынан соққыға жығады.Екінші жақ, соққыға жығылған жақтан бір азамат өздерімен бірге жүрген аңшы мылтығын алып шығып, оқ атады.

Бытыра атылған оқ ағайынды Алекссевтердің бірінің кеудесіне, екіншісінің иық тұсына тиген. Қан жоса болған олардың үлкені тілге келмей көз жұмса, кішісі жан сақтау бөліміне түсті. Туысқандарының айтуынша, қазір ол есін жиғанмен, тілге келмей жатыр. Полиция қызметкерлері топтық төбелеске қатысы бар  екі  күдіктіні қолға түсірді. Алайда аңшы мылтығын асынып қала кезіп, қан төккен 21 жастағы азамат әлі іздестірілуде. Ал мерт болған жігіттің артында жары мен  үш баласы қалды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.