{metadescription}
Алматы әуежайынан радиациялық фоны бар заттарды алып өтпек болған АҚШ азаматы ұсталды
Алматы әуежайынан радиациялық фоны бар заттарды алып өтпек болған АҚШ азаматы ұсталды

Алматы әуежайынан радиациялық фоны бар заттарды алып өтпек болған АҚШ азаматы ұсталды

АҚШ азаматы Алматы әуежайынан радиациялық фоны бар заттарды алып өтпек болған жерінде ұсталды. 55 жастағы ер адам заңсыз тауарын Ташкент қаласына апаруға әрекет жасаған.

Күдіктіні тексеру барысында қолындағы портфельден ұқыпты орналастырылған арнайы құрылғылар табылды. Ол жарылғыш заттар және түрлі радиация көрсеткішін анықтау үшін қолданылады. Ал бес қосалқы бөлігі қоршаған ортаға зиян келтіру қаупі бар. Шетел азаматында кеден органдарында радиоактивті заттарды әкетуге рұқсат ететін ешбір құжаттары табылмады. Қазіргі уақытта кеденшілер орын алған жағдай бойынша іс қозғап, тергеу амалдарына кіріскен. Заң бойынша тыйым салынған бұл заттарды қайдан алғанын және қандай мақсатта шетелге алып шықпақ болғаны анықталуда.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.