{metadescription}
Әлемнің ең бай адамдарының қатарында үш қазақстандық бар
Әлемнің ең бай адамдарының қатарында үш қазақстандық бар

Әлемнің ең бай адамдарының қатарында үш қазақстандық бар

«Форбс» журналы жариялаған әлемнің ең бай адамдарының тізіміне биыл үш қазақстандық кіріпті. Олар «Қазақмыстың» президенті Владимир Ким, кәсіпкер Әлижан Ибрагимов және Президенттің бұрынғы  іс басқарушысы Болат Өтемұратов.

Ким мырза былтырғыдай емес, біраз «кедейленіпті». Қазақтың мысына қожалық етіп отырған ол 3,5 млрд доллармен 314-ші орынға тұрақтаған. Бір жыл бұрын ғана Кимнің байлығын «Форбс» журналы 4 млрд 700 млн деген еді. Әлижан Ибрагимов та 900 млн долларын жоғалтып, 2 млрд 8 млн долларымен 418-ші орынға жайғасқан. 1,5 млрд-ы бар Өтемұратов тізімде 854-ші тұр. Күні бүінге дейін қазақстандықпыз деп жүрген Патох Шодиев пен Александр Машкевичтер биыл басқа ел азаматы ретінде тіркеліпті. Ал әлем бойынша үздік үштік қатары өзгеріссіз қалған.

5 млрд долларға дәулеті азайғанына қарамастан биыл да ең бай адам ретінде мексикалық магнат Карлос Слим танылды. Оның байлығы қазіргі таңда 69 млрд. доллар. Одан кейін 61 млрд. долларымен “Майкрософт” компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс. Үздік үштікті 44 млрд доллары бар америкалық қаржыгер Уоррен Баффет түйіндеп тұр. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде