{metadescription}
Оңтүстік аймақтарда күннің күрт жылынуы су тасқынына әкеп соқтыруы мүмкін
Оңтүстік аймақтарда күннің күрт жылынуы су тасқынына әкеп соқтыруы мүмкін

Оңтүстік аймақтарда күннің күрт жылынуы су тасқынына әкеп соқтыруы мүмкін

Осылай деп болжамын жасаған Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко демалыс күндері халықты сақ болуға, ал әкімдер мен шұғыл қызмет басшыларын қырағы қимылдауға шақырды.

Себебі 20-25 наурыз аралығында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы мен Алматы қаласында ауа температурасы 17 градусқа дейін жылынады. Тау бөктерінде жиналған қар еріп, өзендер ернеуінен асса соңы алапат тасқынға соқтыруы ғажап емес. Сондықтан еліміздің бас құтқарушысы қауіп төнген аймақ тұрғындарына билікке ауыз ашып отыра бермей бітелген арықтарды тазартып, қызыл судан қорғанудың амалдарын қарастыруға шақырды. Ал жергілікті жерлердегі құзырлы орындарға айтып келмейтін апатқа  әзірліктерін тағы бір мәрте пысықтауға пәрмен берді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде