{metadescription}
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Алатау бөктеріне ат басын бұрған шаңғышылар жастар арасында Қазақстан чемпионатын сарапқа салып жатыр.

Биылғы маусымды жақсы нәтижемен аяқтағысы келгендердің көбі жоғары уақыт көрсете алмады. Оған бірден-бір себеп қардың жылдам еруі дейді спортшылар. Бір ай бұрын өтуі тиіс болған жарыс соңғы сәтке дейін қаржылық қолдау таппай келген. Ал турнир қортындысы бойынша таудан жоғары жылдамдықпен құлдилап түскен Тарас Пименов тұғыр төрінен көрінді.      

Құрылғанына жыл толған жекпе-жек федерациясы түрлі деңгейдегі турнирлерді ұйымдастыруға мұрындық болып жүргені белгілі. Жауынгерлік төл өнерімізді ауылдық жерлерде де кеңінен насихаттауды мақсат етіп отырған федерация басшылығы Алматы облысында аралас жекпе-жектен турнир ұйымдастырды.

Азия чемпионаты алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтаған  білектілер  аянып қалған жоқ. 9 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтаған шеберлар сайыс көркін қыздырды. Өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанған Бейбіт Халімжанов, Ерғали Сәрекенов, Рустем Мұқанов және Бауыржан Бақасов сынды спортшылар үздік шықты. Ал ауыр салмақта Ислам Дзадзиевке тең келер ешкім болмады.

“Бавария” мен “Барселона” жартылай финалда. Неміс машинасы мәселені алғашқы матчта шешіп қойса, каталондықтар қарымта матчта біраз тер төкті.

Төреші ысқырығы естілісімен “Милан” қақпасын торуылдаған алаң иелері 11-минутта есеп ашқан. Айып алаң ішінде Мессиге қарсы ойын тәртібі бұзылған болатын. Пенальтиді өзі тебуге бекінген аргентиналық мүлт кетпеді. Алайда Златан Ибрагимовичтен пас алған Антонио Ночерино “Россониери” жанкүйерлеріне үміт сыйлап, таразы басын теңестірген. Бірінші таймның соңына қарай “Барселонаның” бағына орай төреші тағы 11 метрлік белгіледі. Нүктеге жақындаған Лионель Месси бұл жолы да Аббьятиден айласын асырса, Андрес Иньеста 53-минутта қонақтардың жігерін құм қылды.

Бүгін чемпиондар лигасы аясында қалған екі жартылай финал жұбы белгілі болады.

Карольдік клубтың келесі кезеңге өтетініне ешкім шүбә келтірмесе, “Бенфика” мен “Челси” нағыз мықтыны Стемфорд Бриджда анықтамақ. Лиссабондағы алғашқы матчтан кейін Роберто ди Маттео шәкірттері фаворит екендігі анық. Алайда арқаны кеңге салып отырған “ақсүйектер” жоқ. Лондондық клуб алдағы матчқа қарқынды дайындалуда. Ал “Бенфика” футболшылары бірінші кездесуде кеткен есені қайтарамыз деп отыр. Чемпиондар лигасының қарымта матчтары Астана уақытымен түнгі сағат 00:45 те ойналады.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде