{metadescription}
Құрлықтағы әскер Отар маңында дайындықтарын пысықтап жатыр
Құрлықтағы әскер Отар маңында дайындықтарын пысықтап жатыр

Құрлықтағы әскер Отар маңында дайындықтарын пысықтап жатыр

Әскерилер оқу-жаттығуды жарысқа айналдырды. Еліміздің түкпір-түкпірінен кездейсоқ таңдалған құрлықтағы әскердің бөлімшелері Отар маңында шеберліктерін шыңдап, тәжірибе жинақтауда. Ауқымды шара барысындағы жасалған жағдай ұрыс алаңына жақындатылған. Шартты түрдегі жауға төтеп беру мен жарақаттанғандарды құтқару да көзделген. Сарбаздардың дайындығынан хабардар болу үшін бөлімшелер кездейсоқ таңдалып, оларға бір апта бұрын ғана хабар беріліпті.

Абырой, міндет, ерлік деп ұрандаған сарбаздар Жамбыл облысындағы әскери полигонда дайындықтарын сынап жатыр. Жиын әдеттегідей жаттығу емес, жарыс ретінде ұйымдастырылғандықтан үздік атануға барлығы ынталы. Елдің түрпір-түкпірінен келген 6 жаяу әскер бөлімшесі, 5 танк бригадасы мен 4 артилерия құрылымы өз біліктіліктерін төрешілер назарына ұсынуда.

Өткізіліп жатқан оқу-жаттығу жарысының ең қиын кезеңі осы алаңда орын алады. Бөлімшенің 20 сарбазы 28 минуттық жүгірістен соң ешбір демалыссыз келесі жаттығулар кешенін орындауы тиіс. Алғашында қаруын сайлаған сарбаздар 16 килограммдық оқ-дәріні ұрыс алаңына жеткізеді. Артынша жарақаттанғандарды қауіпсіз аймаққа шығаруы тиіс.

Себебі әр жаттығуды орындау үшін санаулы минуттар беріледі. Белгіленген уақытта жаттығу аяқталмаса ұпайлар алынады. Оның үстіне қарастырылған бөгеттер, автомат кезектері мен түтін арқылы соғыс жағдайындағыдай.

Алмат Кенжеев, Аэроұтқыр күштерінің бөлімше командирі:

Жаралы адамдарды сүйреу және бюгетимдерден өту қиын болды. Жоспарланған сайыста менің взводым жақсы орындап шықты деп ойлаймын.

Атыс алаңының қашықтығы 500 метрге дейін ұзартылып, жаттығу күрделене түскен. Сондай-ақ әр сарбаздың мергендігі ғана емес, бөлімше басшысының оларға қаншалықты ұтымды қолбасшылық жасай алатындығы сыналады.

Жаттығудың басты мақсаты жарты жыл ішінде сарбаздардың дайындығына қандай көңіл бөлінгендігін анықтау. Сондықтан бөлімшелер кездейсоқ таңдалып, бір апта бұрын оларға хабар беріледі.

Руслан Мұздыбаев, ҚР Құрлықтағы әскер қолбасшысының орынбасары:

- Аймақтағы ешбір қолбасшы кімнің таңдалатынын білмеді. Аяқ астынан хабарлау арқылы сарбаздың дайындығын іс жүзінде тексереміз. Сынақтан өтсе жақсы, өтпесе бөлімше басшысына шара қолданамыз.

Кезек жеткен танк бөлімшелері шапшаң қимылдап, снарядтарды жылдам орналастырып, дұшпан бекінген нүктелерді жойды. Бірақ жаттығу барысында іске қосылмай қалған техника дайындық деңгейін көрсеткендей болды. Ал артилерия батереялары 8 шақырым қашықтықта жарысынған нысандарға соғыстың құдайы кім екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Аталған жарыс сәуірдің алтысына дейін жалғасып, шеберлігімен көзге ілінген әскери бөлімшелер құрлықтағы әскер қолбасшысының ауыспалы кубогына қол жеткізеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде