{metadescription}
Ташкент - Алматы газ құбыры жарылды
Ташкент - Алматы газ құбыры жарылды

Ташкент - Алматы газ құбыры жарылды

Оңтүстік Қазақстан облысында газ құбыры жарылып, 20 мыңға жуық абонент көгілдір отысыз қалды. Ташкент-Алматы магистралінің Мақтарал ауданындағы бөлігі таңғы сағат бес жарым шамасында жарылған.

Оның арты орасан өртке ұласты. Куәгерлердің айтуынша, жоғары қысымдағы құбырдан шыққан алаудың биіктігі 100 метрге жетіпті. Апат орын алған сәтте жер асты магистарлді желісіне табиғи газ беру Ташкент тарапынан тоқтатылған. 8 жұмысшы, екі техниканың көмегімен апат салдары түскі екілер шамасында толық жойылды. Қазір газ құбырындағы жарылыс себебін арнайы комиссия анықтап жатыр. Айта кетейік, аталмыш құбыр Қазақстанның оңтүстігін көгілдір отынмен қамтамасыз етеді. Диаметрі бір метрлік магистралді құбырдағы апат салдарынан Мақтарал ауданының 14 елді-мекендегі 17 мың 200 абонентке көгілдір отын беру уақытша тоқтатылды. Ал қалған тұтынушылар апат салдарын сезініп үлгермепті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.